Қазақ халық поэзиясының ерте замандағы хатқа түскен
үлгілері. Қазақ фольклорын зерттеу кезеңдері: ХҮ-ХҮІІ, ХҮІІІ-ХІХ
ғғ.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау, жариялау,
зерттеудегі
В.В.Радлов,
Г.Н.Потанин,
А.В.Василиев,
Н.И.Пантусов, И.Березин, А.И.Левшин, П.И.Рычков, П.С.Паллас,
Н.Ильминский, Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваевтардың
ғылыми еңбектері.
Қазіргі заман халық фольклористикасының дамуы мен
қалыптасуы. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ғылымының
көрнекті өкілдері: М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин,
М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов,
Ә.Қоңыратбаев, О.Нұрмағанбетова, Б.Уахатов, С.Садырбаев,
М.Жолдасбеков, Н.Төреқұлов, С.Қасқабасов, Ш.Ибраев,
Р.Бердібаев, Б.Адамбаев, Т.Сыдықов, К.Сейдаханов, Е.Тұрсынов
т.б.
Аталған ғалымдардың басты-басты ғылыми еңбектері.
Орыс ғалымдары: В.М.Сидельников, С.Смирнова, А.С.Орлов,
М.И.Фетисов, т.б. қазақ фольклорын зерттеулері.
3-тақырып.
Тұрмыс-салт өлеңдері.
Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы.
Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Тұрмыс-салт
жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың
проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы.
Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек
процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдет-ғұрып, наным-
сенімдермен байланысы.
Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың
жанрлық түрлері. Төрт түлік жырлары. Көшпелі
шаруашылықтың бейнеленуі.
Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбану,
той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Өлген кісіге
байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің
салтпен байланысы.
4-тақырып. Аңшылық жырлары.
Аңшылық жырлары. Маусымдық салт жырлары. Наурыз
туралы өлеңдер. Егіншілік кәсіппен байланысты өлең-
жырлардың ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: