6
Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып
.
Ауыз әдебиеті пәні және оның
ерекшеліктері.
Халық әдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен
синкреттілігі, әдет-ғұрып, наным-сенім, өнердің басқа
түрлерімен байланыста болуы. Қазақ фольклорының халықтық
сипатта болуы.
Фольклортану – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін
классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты
объектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу
екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-
пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде
фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану,
тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану,
психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.
Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі. Халықтық
сипаты. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын
танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі.
Ауызша сөз өнерінің типтік табиғаты. Оған тән
ерекшеліктер мен белгілер. Ауызша туындылардағы сөздің
жетекші қызметі мен өрісі.
Фольклордың көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық
тәсілдері мен құралдары. Ауыз әдебиетінде шындықты
бейнелеудің өзгешелігі, көпқабаттылығы (Полистадиялығы).
Фольклор мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің
табиғаты, шығарманың туу, таралу және сақталу
ерекшеліктері, мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлігі
мен формулалығы, стильдік кестесі. Шындықты бейнелеудің
көркемдік әдістері.
Ауыз әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың жемісі
екендігі. Оның шығу, айтылу, даму процесіндегі
коллективтіліктің көрінісі және түрлері. Жеке шығарманың
коллективтілік аясындағы сипаты. Дәстүрлілік пен
коллективтілік.
Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы. Халықтық және
жалпы адамзаттық заңдылықтары. Идеялық, тәрбиелік,
эстетикалық, танымдық қызметтері. Фольклордың халық
өмірінің барлық саласын сол халықтың рухани түсініктеріне,
ұлттық ерекшеліктеріне қарай бейнелейтіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: