«Адам дамуыпсихологиясы» пәні бойынша семинар сабақтарының мазмұны (барлығы 15 сағат)
1 МОДУЛЬ. Жастық даму психологиясы 1 семинар. Адам дамуы психологиясының пәні. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері (1 сағ). «Адам дамуы психологиясы» және «Жастық даму психологиясы» түсініктерінің арақатынасы.
Адам дамуы психологиясының теориялық және практикалық міндеттері.
Адам дамуы психологиясының пайда болу тарихы. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері. Жас ерекшелік психологиясының әдістері және олардың мінездемесі (бақылау, эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер әдісі, лонгитюдтік әдіс, көлденең кесу).
Адам дамуы психологиясының негізгі категориялары (жас, периодизация, даму және т.б.)
2 семинар. Баланың дамуының психологиялық теориялары (1 сағ) Бала дамуының генотиптік және ортаға шарттылығы.
Л.С. Выготский бойынша жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму теориясы. Психикалық дамудың жылжымалы күштері және қайнар көздері.
Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалық дамуда тәрбиелеу мен оқытудың басты рөлі.
Сензитивтік кезеңнің және жетекші іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайының даму түсінігі.
Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
3 семинар. Жас ерекшелік психологиясындағы периодизация мәселесі (1 сағ). Л.С.Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесі. ”Жас дамуының әлеуметтік жағдайы” ұғымдары. Баланың психикалық дамуындағы дағдарыстардың мәнін түсіну.
Жетекші іс-әрекет түсінігі. Жетекші іс -әрекет және жастағы негізгі психологиялық жаңа құрылулар.
Онтогенездегі жетекші іс -әрекеттердің ауысуы. Жас кезеңдері және бала дамуының дәуірлері.
Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А.Гезелл,С.Холл,К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже).
Қазақстан халықтарындағы ересек адамның индивидуалды даму периодизациясының өзіндік мәселелері.