2 МОДУЛЬ. Тұлғаның онтогенездегі психикалық дамуы мен қалыптасуы 4 семинар. Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы (1 сағ) Психика мен мінез-құлықтың туа берілетін формалары. Нәрестенің рефлекторлы, генетикалық шарттанған қимылдары.
Өмірге келгеннен кейінгі негізгі сезім органдарының – көру, есту, сипап сезу, қозғалыс анализаторларының, дәм рецепторларының автоматты түрде қосылуы.
Нәрестелік кезеңдегі бала миының қызмет етуінің анатомиялық-физиологиялық сипаты.Баланың қозғалыс белсенділігі.
Нәрестелік шақтағы қабылдау мен есте процестерінің ерекшеліктері.
Нәрестелік шақтағы сөйлеу мен ойлау ерекшеліктері.
5 семинар. Нәрестелік кезеңдегі баланың танымдық процестерінің дамуы (1 сағ) Баланың туылғаннан кейінгі алғашқы айларындағы көруінің маңызы. Нәрестенің адамның бетін қабылдауы.
Жадырау комплексі. Есту анализаторының дамуы. Нәрестенің адам дауысына реакциясы.
Нәрестенің алғашқы айлардағы есте сақтауы. Қолдың манипуляциялық қимылдарының жетілуі.
Ж. Пиаже бойынша нәрестелердің сенсомоторлы әрекет етудің даму сатыларының классификациясы.
Бір жасқа дейінгі сөйлеу мен ойлаудың тәуелсіз дамуы. Еліктеу және сөзді тусіну.
6 семинар. Ерте балалық шақтағы таным мен мінез-құлық (1 сағ) 1-3 жас аралығындағы бала дамуының жалпы сипаты.
Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің мақсаты, оның даму сатылары. Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің қалыптасу механизмі.
Сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу. Сөйлеудің фазалық (сөз) және семантикалық (сөйлем) жақтарының дамуы.
Ерте балалық шақтағы тұлғалық қырлардың көрінуі. Ерте балалық шақтағы танымдық процестердің дамуы. 3 жастық дағдарыс, оның мәні, симптомдары.
Л.С. Выготский бойынша 3 жас дағдарысының сипаттамасы.