Тапсырмалар
1. Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Мектептерде салауатты өмір салтын қалыптастыру төмендегідей мүмкіндіктер тудырады:
1) балалар мен жастар денсаулығын нығайту;
2) гигиеналық сауаттылықты арттыру;
3) денсаулықты сақтау әдістері мен қағидаларын қалыптастыру;
4) салауатты өмір салтының негіздері мен түрлерін танып білу;
5) психопрофилактика және психогигиенаның әдістерін қолдану;
6) өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру;
7) оқушылардың дене қимылдары белсенділігін күшейту;
8) түрлі жұқпалы және тәндік созылмалы аурулардың пайда болуынан сақтандыру;
9)ауырсындыратын әуестіктерге — темекі тартуға, алкоголь, есірткі заттарды пайдалануға
жиіркенішпен қарауға үйрету.
2.Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.
Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды» Дегенмен балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты табиғи жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтағаннан кейін анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығыбар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, сан мен сапалық өзгерістерін анықтайды.
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен таралған. Бұл әдіс бойынша бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау үшін эргометрия, яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. Щй еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады.
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі –телеметрия-радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кеңінен қолданады.
Балалар мен жастардың өсуін антропометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда, және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен , дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң, тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |