1. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің педагогика мен психология пәндерімен байланысы. «Окушылардын анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»
1.Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің педагогика мен психология пәндерімен байланысы. «Окушылардын анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» - адам физиологиясының үлкен бір саласы.Физиология ғылымы ағзаның тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының қффызметін зерттейтін және реттеу жолдарын аныктайтын ғылым. Оқушылардың даму физиологиясы пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тарбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады. Оқушылардың даму физиологиясы балалар мен жасөспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінін құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай карастырады. Бұл пәннің негіздері жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, генетика жэне т.б. биологиялык , табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Оқушылардың даму физиологиясы - жас ұрпақтарды тәрбиелеудін, оларға жасына лайык білім берудін, акыл ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі.
Бұл пән мұғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дурыс түсінуге жол ашады, медициналық және санитарлық салауаттық мәселелерін қамтиды.
2. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің оқу-тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы. Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен мектеп гигиена адам анатомиясының, гистология мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады.
3.Онтогенез заңдылықтары. Онтогенез – организмнің жеке дамуы (эмбриогенез(ұрықтық даму))
Бір қабатты ұрықтың – бластуланың түзілуі. Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады. Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі. Нейрула. Нейрула сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.