1. Парниктік газдар климатқа қалай әсер етеді?



Дата23.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#201263
Байланысты:
тест 1


Жаратылыстану
Жаңа ғасыр басталған сәттен бері ауа райының маусымдық және аймақтық айырмашылықтары айтарлықтай өсті. Ғалымдар біздің климатымызда ерекше бір құбылыстың болып жатқанын байқады. Бұл үрдіс ғаламдық жылыну деген атауға ие болды. Климаттың өзгеруін су буы, көмірқышқыл газы мен метан тәрізді парниктік газдардың шығарылуымен тығыз байланысты екендігіне қатысты деректер бар.
1. Парниктік газдар климатқа қалай әсер етеді?
А) Жердің температурасын арттырады.
B) Күн энергиясын сіңіреді.
C) Атмосфера арқылы жарықты көбірек береді.
D) Ауадағы оттегінің концентрациясын арттырады.
2. Ғаламдық жылыну үрдісін қалай бәсеңдетуге болады? ...негізіндегі энергияға көшу арқылы.
А) Мұнай
B) Табиғи газ
C) Күн
D) Көмір
3. Көміртек диоксидінің формуласын көрсетіңіз.
А) СO
B) CO2
C) О2
D) H2O
Суретте қышқыл жаңбырдың пайда болу процесі көрсетілген.

4. Қышқыл жаңбыр ормандарға қалай әсер етеді?


A) Қышқыл жаңбыр орман өртін тудырады.
B) Қышқыл жаңбыр қоректік заттардың сіңірілуін шектейді.
C) Қышқыл жаңбыр топырақтың pH мәнін арттырады
D) Қышқыл жаңбыр ормандағы топырақ құнарлылығын арттырады.

5. Суретте көрсетілген жасушаның Х бөлігі қалай аталады?
А) вакуоль
В) митохондрия
С) цитоплазма
D) ядро
6. Суретте көрсетілген жасуша, жануарлар тәрізді дайын заттармен қоректенетін, бірақ өсімдіктер сияқты қозғалмайтын ағзаларда кездеседі. Берілген сипаттамаларға сүйеніп, патшалықты анықтаңыз.
А) архейлер
В) бактериялар
С) вирустар
D) саңырауқұлақтар
Табиғатта сан алуан процестер мен құбылыстар бар. Сол құбылыстардың біріне найзағай жатады. Найзағай біздің планетамыздың ауа қабығында пайда болады. Оның төменгі шеті жер бетінен шамамен 1 км биіктікте орналасады, ал жоғарғы жағы 6-7 км биіктікке жетеді.

7. Найзағай Жердің қай қабығында пайда болады?
A) атмосферада
B) биосферада
C) гидросферада
D) литосферада
8. Найзағай энергияның қай түріне жатады?
A) механикалық энергия
B) жарық энергиясы
C) химиялық энергия
D) электр энергиясы
Күн күркіреуі – бұл дыбыстық құбылыс. Ол найзағай разрядына қатысты болады. Найзағай жарқылы мен күн күркіреуінің арасындағы уақытты өлшей отырып, күн күркіреуі орналасқан қашықтықты шамамен анықтауға болады. Ол үшін +10°C-тан +30°C-қа дейінгі ауа температурасындағы секундына 340-350 метр болатын дыбыс жылдамдығын пайдалануға болады.
9. Арман найзағайды көрді және 8 секундтан кейін күннің күркіреген дыбысын естіді. Найзағай Арман тұрған жерден шамамен қандай қашықтықта жарқ етті?
A) 40-44 м
B) 680-700 м
C) 2720-2800 м
D) 3400-3500 м

10. Анар жаңа жылдық демалыс кезінде Лондонға (UTC+0) баруды жоспарлады. Ұшақ Астана қаласынан жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:00-де ұшады. Ұшу ұзақтығы 7 сағатты құрайды. Ұшақ Лондонға қонған кездегі жергілікті уақытты анықтаңыз.
A) 04:00
B) 11:00
C) 15:00
D) 16:00
11. Астана мен Лондон қалаларының арасындағы арақашықтық картада 4,75 см құрайды. Карта масштабы 1 : 120 000 000 болған кездегі аталған қалалар арасындағы нақты арақашықтықты есептеңіз.
A) 57 000 км
B) 5 700 км
C) 2 520 км
D) 252 км
Әлемдік климат үнемі өзгеріп отырады. Соңғы 200 жыл ішінде орташа жаһандық температура деңгейі көтерілді. Көпшілік мұны атмосферадағы парниктік газдар деңгейінің жоғарылауымен байланысты деп санайды. Бұл газдар адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде, мысалы, қазбалы отынды жағу кезінде пайда болады. Мұндай жаһандық температураның көтерілуі экожүйелерге кері әсер етеді.
12. Экожүйедегі климаттың өзгеруіне әкелетін негізгі факторды анықтаңыз.
A) абиотикалық және биотикалық
B) тек абиотикалық
C) тек антропогендік
D) тек биотикалық
13. Жаһандық климаттың өзгерісі салдарынан туындаған Қазақстандағы экологиялық проблеманы анықтаңыз.
A) Арал теңізінің құрғауы
B) Нұра өзенінің ластануы
C) ядролық сынақтардың салдары
D) Алатау тауындағы мұздықтардың еруі
Қарапайым тәжірибелер көрсеткендей, денелерді қыздырғанда олардың өлшемдері үлкейеді, ал салқындаған кезде кішірейеді.

1 - дененің қызғанға дейінгі күйі 2 - дененің қызуы 3 - дене көлемінің ұлғаюы
14. Денелердің қыздыру кезіндігі ұлғаю процесіне сай келетін нұсқаны көрсетіңіз?
A) молекулалар арасындағы қашықтықтың ұлғаюы
B) электрондар арасындағы қашықтықтың ұлғаюы
C) молекулалар арасындағы қашықтықтың азаюы
D) электрондар арасындағы қашықтықтың азаюы

15. Бөлшектер теориясына сәйкес қатты заттың дұрыс құрылымын көрсетіңіз.
A) Молекулалар арасындағы қашықтық = молекулалардың мөлшері, тек көлемді сақтайды.
B) Молекулалар арасындағы қашықтық > молекулалардың мөлшері, тек пішінін сақтайды. C) Молекулалар арасындағы қашықтық < молекулалардың мөлшері, пішіні мен көлемін сақтайды.
D) Молекулалар арасындағы қашықтық > молекулалардың мөлшері, пішіні мен көлемін сақтайды.
Күн сәулесі жақсы түсетін жерде сағатына шамамен 1 кВт энергия алуға болады. Бұл ретте су жылыту құрылғысын жасау және орнату шығындары минималды болады. Көптеген елдердің өнертапқыштары бұрыннан бері суды жылыту үшін әртүрлі қондырғыларды қолданады. Суретте қара түске боялған шелекке құйылған су бейнеленген.

Шелекке термометр салынды және су температурасының өзгеру сәттері бақыланып, жазылып алынды.
16. Қара түске боялған шелектегі судың қарқынды қызуының себебі неде?
A) Қара түске боялған шелек жылы ауа ағынымен қызады.
B) Қара түске боялған шелекке Жердің магнит өрісі әсер етеді.
C) Шелектің қара түсі күн сәулесін жақсы сіңіреді.
D) Шелектің қара түсі жақсы жылу изоляторы болып табылады.
Суретте қара түске боялған шелектегі су массасының күн сәулесімен жарықтандыру уақытына тәуелділік графигі көрсетілген.

17. Су массасының өзгеруіне әкелетін процестің атауын көрсетіңіз.
A) ағу
B) булану
C) қайнау
D) балқу

Гиппопотам немесе бегемот – көп уақытын суда өткізетін сүтқоректі. Бегемоттар құрлықта жайылады, ал оның азығы судың маңайындағы немесе жер бетіндегі шөптер болып табылады.


18. Жаңа туылған бегемот немен қоректенеді?
A) балдырмен
B) сүтпен
C) етпен
D) шөппен
Бегемоттар қауіп-қатерді сезген кезде, құрлықтан суға дейін өте жылдам жүгіруге қабілетті әрі олардың жылдамдығы 1-разрядты спортшылардың деңгейіне жетуі мүмкін. Әдетте мұндай спортшылар 100 м қашықтықты 11,44 секундта жүгіріп өтеді.
19. Қауіпті жағдай туындаған кезде бегемот 30 секунд ішінде шамамен қандай қашықтықты жүгіріп өтеді?
A) 34 м
B) 38 м
C) 262 м
D) 292 м
Картада бұрынғы және қазіргі уақыттағы бегемоттардың тіршілік ету ортасы көрсетілген.

20. Қазіргі кезде бегемоттардың ең көп мекендейтін аймақтарын көрсетіңіз.
A) Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Африка
B) Батыс Африка
C) Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Африка
D) Орталық Африка

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет