1. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып корсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз


Контекстік Модульдік



бет4/6
Дата15.10.2022
өлшемі29,39 Kb.
#153199
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
d

Контекстік




Модульдік

Модульдік оқыту технологиясы- білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, Оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Аксиологиялық

Педагогикалық аксиология –
1.тәрбие, білім, оқу, педагогикалық қызметі адам өмірінің құндылықтары ретінде қарастырылатын педагогикалық білім тарауы;

2.педагогикалық


Қауымдастықтыңжаңалықты,инновациялардықабылда уы, бағалауы және игеруі жөнінде ғылыми білім (әлеуметтік-педагогикалық қауымдастықтың жаңаны кабылдау туралы ілім).

Мәдениеттілік

Мәдинеттілік - педагогтың мектепте өзін мәдинетті ұстай білуі және оқушы мен ата-ана алдында ұстай білуі.

2. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.
Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір — бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық — әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық – физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық мен шығармашылық іс — әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық,имандылық, қоғамдық – саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір – біріне кіріс байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет