1. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып корсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз


Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер м селесі туралы матеиалдарды таңдау және талқылау



бет3/3
Дата15.10.2022
өлшемі22,44 Kb.
#153198
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Рахманова Н срс (копия)
Рахимгалиева Диана 7 лек тапсырма, d, пед 7 слайд
3. Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер м селесі туралы матеиалдарды таңдау және талқылау
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализм негізін салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысымен өзіне тән ерекшеліктері комплексінбиологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектіңжеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Қиын жетьғкіншектерді тәрбиелеу іс-тәжірибесінің маңызы болды, мәселен, А.С.Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген американ ғалымы М.Мид жеткіншек шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. М.Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншек шағын М.Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларда “Эдип” комплексінің міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмиау мүмкіндігі анықталды.
Антрополог Р.Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің 2 типін көрсетті:

Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады.


Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады. Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады- ресми кемелдікке жеткен кезде ересектің рөлін атқаруға дайын болмау кел іп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі боладыжәне оның ешқайсысы да кемелдікке жеткізетін “табиғи” соқпақ деп қарастырылмайды.

Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына:


Жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына;
Дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтың болуына;
Балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді.
Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның толық та тең құқылы мүшесі болып өмір сүруге даярлығының қалыптасуы. Бұл процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын көздейді, ол іс-әрекетке ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды , өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ , ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады.Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрінісі алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды процестеріжүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Ересектің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оныңдамыәр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оныңдамыған формаларынан өте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерде көрінуі мүмкін.
Жеткіншек жасқа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгерістермен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады.
Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне жаңа құрылым оның өзі ту ралы енді бала емеспін дейтін түсініктіңпайда болуы болады, ол өзін ересекпін депсезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Қазіргі бар акселерация балада осы жаңа өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай жасайды.
Ересектік сезімдерінің ендігі бер қайнар көзі — әлеуметтік негіздер. Мұның өзі ере сектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан балалық жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндеттері болғандай реттерде туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және жастайынан дербестікке жету әлеуметтік қана емес, субъективтік тұрғыдан да баланы тез есейтеді. Бұған ұқсас мысалдар Ұлы Отан соғысы жылдарында көп кездесті. Ересектік сезімнің жыныстық толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды Н.А.Некрасовбармақтай мұжық бейнесінде берген. Мұның өзі бала ересек деп санайтын адам мен өзі арасындағы бір неме се бірнеше өлшем бойынша баланың өзі ұқсаспыз ( білім, іскерлік, күш, ептілік, батылдық, т.б. ұқсастығы) деп тапқан жағдайда да туындауы мүмкін; ұқсастық жайлар неғұрлым көп болса, өзін ересек сезінуге негіз де соғұрлым көп болады. Ересектік сезім баланы өзіне тең ұқсайтын неғұрлым ересек жолдастарымен ( баланың ұғымында ) қарым-қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті бөліп көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет