1. Педагогика тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері



бет1/2
Дата17.11.2023
өлшемі23,12 Kb.
#191896
  1   2
Байланысты:
пед тарих 1 2


1.Педагогика тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері

  1. Педагогика тарихы, мақсаты мен міндеттері.

  2. Педагогика ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы.

  3. Педагогика тарихының зерттеу әдістері, ғылыми зерттеу әдістеріне талдау.

  4. Педагогика тарихының әдістемелік ұстанымдары.

1. Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.


Педагогика тарихы – тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым.
Педагогика тарихы ғылым ретінде – тарих және педагогика ғылымдары түйісінде, кейіннен философия салалары – әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда.
Педагогика тарихының мақсаты - жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттырып, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын игерту.
Педагогика тарихының міндеттері
— дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері мен даму белгілерін, жағдайлары мен алғышарттарын, оның бірлігі мен жан-жақты байланысын, сонымен қатар, бастау көзі мен зерделеу әдіс-тәсілдерін және өткен дәуірдегі құнды педагогикалық бағыттарын сұрыптап, педагогика тарихының ұғымдарын қалыптастыру;
— әртүрлі тілді, мәдениетті халықтардың әрбір тарихи дәуірлердегі білімінің мән-жайы, мүмкіндіктері мен ауқымы, оны жүзеге асырудың жолдары мен құралдары, дәрежесі мен жағдайы, педагогикалық идеялардың өзгешеліктері мен мазмұндық ерекшеліктерін айқындап, тәрбие мен оқыту мәселелерін шешудің шаралары жайлы түсініктерді нақтылап, оны толықтыруға обьективті жағдайлар жасау;
– білім берудің мақсатын, міндеттерін белгілеу мен ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана білуге және оны нақты педагогикалық дәстүрлермен ұштастырып, “адам-қоғам-табиғат” жүйесінің байланысын рухани-адамгершілік, эстетикалық, т.б. тұрғыдан түсінуге, жүйелі тарихи-педагогикалық білім, әдістемелік дағды мен іскерлікті қалыптастыру.
2. Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:
● Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
● Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
● Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғары
Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
● Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
● Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
● Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін тұрмысының зерттейді.
● Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.
Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
3. Педагогика тарихының зерттеу әдістері, ғылыми зерттеу әдістеріне талдау.
Педагогика тарихының зерттеу әдістерін 3 топқа бөлеміз олар;
Тарихи-теориялық
Тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі (байқау, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама жүргізу)
Математикалық және статистикалық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет