Кіріспе
Бауыр- өте күрделі құрылысқа ие, және ағза үшін өте маңыздылығы бар мүше болып табылады. Қазіргі таңда бауырды көптеген ғалымдар зерттеп, оның бұзылуына қандай заттардың әсерлері болатынын. Және де оның үлкен көлемдегі құрылысын зерттеп тапқан. Оның биохимиялық, физиологиялық қасиеттерін өзара ұштастырып зерттеген.
Бауырдың анатомиясы
Бауыр(һepar)-құрсақ қуысының оң жағында, көкет күмбезінің астында төменгі қабырғаларға таяу жататын мүше. Түсі қызғылт қоңыр, консистенциясы жұмсақ. Көп бөлігі оң жақ қабырғалар астында, кішкене бөлігі сол жақ құрсақ астында орналасқан. Бауыр көп қырлы призма тәрізді майда бөлшектерден құралған. Салмағы 1,5кг. Орташа есеппен ересек адам салмағының 2-3% құрайды.