ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы ii» 5В120200 – «Ветеринарлық медицина» мамандығы үшін студенттерге арналған пән бағдарламасы



Дата08.09.2017
өлшемі175,32 Kb.

ПОӘК 042-18-10.1.110/02-2013

___18.09___ 2013 ж.

№1 басылым



беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.110/02-2013




ПОӘК

«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы II» пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы


__18.09____2013 ж.

№1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы II»


5В120200 – «Ветеринарлық медицина»

мамандығы үшін



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Мазмұны


1

Жалпы ережелер

4

2

Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

5

3

Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

5

4

Курс форматы

6

5

Курс саясаты

6

6

Баға қоюдың саясаты

6

7

Әдебиеттер

9



    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Қайырханов Қайса Керейұлы, б.ғ.к., профессор

«Химия» кафедрасы.

Байланыс ақпараты – тел. 35-05-90, оқу ғимараты № 4, кабинет № 418

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 401

Берілген пән бойынша кредиттер саны – 3

1.2 Пәндердің мазмұнын қысқаша сипаттау

Жануарлар биохимиясы – тіршіліктің молекула негізі жөніндегі ғылым. Ол тірі организмнің химиялық құрамын,тірі материяда болатын химиялық реакцияларды, тірі организмдегі заттардың биологиялық функциямен молекуларлық құрамымен өзара байланысын зерттейді. Биохимия тірі организмде өтетін процесстерін терең түсіну үшін негізі ғылым болады.

1.3 Биологиялық химия курсының мақсаты студенттердің «Биологиялық химия» курсының тіршіліктің молекулалық негізін, биологиялық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, осы заттардың тіршіліктің әрекеті бойынша реакцияларын оқып білу болып табылады.

1.4 Биохимия пәнін оқып–білудің негізгі міндеті - студенттер биологиялық маңызды заттардың негізгі кластарын, осы заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, организмде атқаратын биологиялық қызметтерін, әсерінің механизмдері; тіршілік процестерінде биологиялық заттардың өзгеруін, әрекеттесуін, зат алмасуының негізгі жолдарын, негізгі биохимиялық жүйелерінің және химиялық реакцияларын оқып білу керек; биологиялық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін зерттеу үшін практикалы дағды алу керек;

1.5 Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:

- тірі ағзаның химиялық құрамын, жоғары молекулалы белоктар, көмірсулар, майлар және нуклеин қышқылдарының құрылысын және физико-химиялық қасиеттерін, сол сияқты биологиялық активті заттар – витаминдер, ферменттер және гормондардың әсер ету механизмдерін білуі;

-тірі ағзадағы зат алмасу және энергия алмасу туралы білімді меңгеруі;

- тірі ағзадағы зат алмасудың катаболизм және анаболизм реакцияларын игеруі;

- қоректік заттарға және биологиялық активті заттарға биохимиялық әдістермен зерттеулер істей алуы;

-Белок биосинтезінің негізгі этаптарын түсінуі керек.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Химия
1.7 Курстың постреквизиттері

1.7.1 Цитология

1.7.2 Физиология

1.7.3 Молекулалық биология



2 ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

Кесте 1


№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Әдебиеттер

ДС

ЗС

СПС

СОӨЖ

СӨЖ

2

3

4

5

6

7

8

1.

Кіріспе. Витаминдер.

1

1

1

2

6

7.1.1-7.1.2

2.

Ферменттер

1

1

1

2

6

7.1.1-7.1.2

3.

Гормондар

1

1

1

2

6

7.1.1-7.1.2

4.

Зат алмасуы. Биототығу.

1

1

1

2

6

7.1.1-7.1.2

5.

Көмірсулар алмасуы және қызметі

3

3

3

3

9

7.1.1-7.1.2

6.

Липидтер алмасуы және тотығуы

2

2

2

2

6

7.1.1-7.1.2

7.

Аминқышқылдар алмасуы

2

2

2

3

9

7.1.1-7.1.2

8.

Нуклеотидтер алмасуы

2

2

2

2.5

7.5

7.1.1-7.1.2

9.

Белок биосинтезі

1

1

1

2

6

7.1.1-7.1.2

10.

Зат алмасу қарым-қатынасы және бірлігі

1

1

1

2

6

7.1.1-7.1.2



3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Курсты оқу 5 өзара байланысты оқу түрлерінен тұрады – дәріс, зертханалық сабақ, практикалық сабақ, СОӨЖ және СӨЖ. Осылардың ішінде маңыздысы дәріс болып табылады, себебі онда пәннің маңызды да аса күрделі сұрақтары қарастырылады. Практикалық сабақтар теориялық материалды қамтуды қарастырады. СОӨЖ және СӨЖ күнделікті әрі міндетті дайындық болып табылады, олар нақты тапсырмалар бойынша орындалады және мұғалімнің тұрақты бақылауында болады. Аудиториядан тыс өздік жұмыс оқу әдебиетімен, үй тапсырмасын орындау және ағымдағы зертханалық жұмыстарға дайындық сияқты жұмыстарды қарастырады.


4 КУРС ФОРМАТЫ

Берілген нақты пән бойынша аптасына 1 рет 50 минуттық дәріс, аптасына 1 рет 100 минуттық зертханалық сабақ, 1 рет 50 минуттық практикалық сабақ және аптасына бір рет 75 минуттық СОӨЖ жүргізу қарастырылған.


5 КУРС САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу: Дәрістерге, зертханалық сабақтар және СОӨЖ қатысу қатаң түрде міндетті болып табылады. Егерде әлдебір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, сізге барлық босатқан сабақтардағы қабылданбаған материалдар үшін жауапкершілік жүктеледі. Оқу жоспары бойынша босатқан (қатыспаған) сабақтарды қайта қабылдау қарастырылмаған, сондықтан мұғалім тапсырмасы бойынша студент босатқан тақырыбы бойынша 5 есеп шығаруы керек.

Тәртіп: Сабақ барысында ұдайы тәртіпбұзушылық аудиториядан қуылумен жазаланады және сәйкесінше сабақ босатқаны үшін рейтінгілік бағасы төмендетіледі.

Зертханалық сабақтар: Студент зертханалық сабақтарға зертханалық жұмыстың конспектісі болып, жұмысты орындау барысын және жұмыстың теориялық негіздемесін білген жағдайда ғана жіберіледі. Студент зертханалық жұмыстарды және эксперименттің нәтижелерін өңдеуді өзбетінше орындайды, дайын нәтижелерді қолдануға тыйым салынады. Зертханада студент халатпен жүруге міндетті және қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы керек.

Межелік аттестация: Межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және межелік бақылауды ескере қойылады.

Емтихан: Ауызша емтихан немесе компьютерлік тестілеу жүйесі негізінде рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан жүргізіледі. Емтиханның әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен. Тест сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.



6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.



«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы II» пәні бойынша балдардың бөлінуі
Кесте 2

Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескертпе

1

2

3

4




1-7 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына қатысу және дайындық

30




1

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Майда еритін витаминдерге сапалық реакциялар







2

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Суда еритін витаминдерге сапалық реакциялар

21




2

СОӨЖ: В тобындағы витаминдердің сипаттамасы

6




2

СӨЖ: Тіршілік бірлігі – клетка құрылымы. Организмнің химиялық құрамы.

35

Реферат жазу

3

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Ферменттердің жалпы қасиеттері - температураға төзімділігі, талғампаздығы және рН-тың активтілігіне әсері.

21




3

СОӨЖ: Кофакторлар – коферменттер, активаторлар, гемдер.

6




4

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Ферменттердің әсер ету механизмі. Активаторлар мен ингибиторлардың әсері.

21




4

СОӨЖ: Жасанды жыныс гормондары. Сары дене гормоны. Простагландиндер және тромбоксандар.

6




5

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Гормондар: инсулин мен адреналинге сапалық реакциялар.

21




5

СОӨЖ: Биологиялық мембраналар.

6




5

СӨЖ: Фотосинтез

40

Презентация

6

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Зат және энергия алмасуы. Биологиялық тотығу (семинар).

21




6

СОӨЖ: Көмірсулар. Глюкоза, фруктоза және сахарозаның Фишер, Хеорс және Колли-Толленс бойынша формулалары. Гликозидтік гидроксил. Гликозидтік байланыс.

6




7

Межелік бақылау 1 – 1-3 модульдер бойынша тестілеу

60

Оқу кестесіне сай




1-7 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына қатысу және дайындық

300




8

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Көмірсулар қасиеттері. Көмірсулардың сапалық реакциялары.

15




8

СОӨЖ: Глкозаның анаэробты метаболизмі (глюкоза - пируват). Спирттік ашу. Сүтқышқылды ашу.Глюкозаның аэробты ыдырауы (пируват – ацетил-КоА – Кребс циклі).

6




9

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Липидтер. Майларға сапалық реакциялар. Майлардың ерігіштігі. Майдың константасын – tбалқу, йод санын, қышқыл санын анықтау.

15




9

СОӨЖ: Майлар. Триацилглицерол, балауыз, сфинголипидтер, фосфолипидтер және холестеролдың құрылымдық формулалары.

6




10

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Аминқышқылдары. Амин тобындағы азотты формольды әдіспен анықтау.

15




10

СОӨЖ: Липидтер. Қарапайым және күрделі липидтер құрылысы.

6




11

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Белоктар. Физика-химиялық қасиеттері. Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары.

15




11

СОӨЖ: Триацилглицерол катаболизмі. 20 -аминқышқылдарының құрылысы. Белоктардың жіктелуі.

6




12

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Белоктарға түсті реакциялар.

15




12

СӨЖ: Органдар биохимиясы

35

Презентация

13

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Күрделі белок – нуклеопротеиндердің химиялық құрамын зерттеу: дрожжы гиролизатындағы белокты анықтау; пуринді негіздерді анықтау; пентоза-альдозаны анықтау; фосфор қышқылын анықтау. Дифениламинмен ДНҚ сандық анықтау.

15




13

СОӨЖ: ДНҚ және РНҚ құрылысы: рибоза, дезоксирибоза, пурин және пиримидиндік негіздер, нуклеотидтер, нуклеозидтер. ДНҚ және РНҚ молекуласының фрагменті.

6




13

СӨЖ: Органдар биохимиясы

40

Презентация

14

Зертханалық және практикалық жұмыстарды дайындау және орындау: Белок биосинтезі және оның негізгі этаптары (семинар).

15




14

СОӨЖ: Нуклеотидтер алмасуы

6




15

Межелік бақылау 2 – 4-7 модульдер бойынша тестілеу

60

Оқу кестесіне сай




8-15 апталардың оқу қорытындылары бойынша барлық балл

300







Емтихан бойынша барлық балл

400







Академиялық период бойынша барлық балл

1000







  1. ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Негізгі әдебиеттер

7.1.1Сеитов З.С. Биохимия. –Алматы: Агроуниверситет, 2000.-897 с.

7.1.2 Биологическая химия/под ред. Н.И. Ковалевской.-М.: Академия, 2009.-255 с.

7.1.3 Коваленко Л.В. Биохимические основы химии биологически активных веществ. –М.: Бином. Лаборатория знаний, 2010.-228 с.

7.1.4 Сейітов Қ.С. Биологиялық химия.-Алматы: «Қайнар» университеті, 1992.-384 б.

7.1.5 Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках. –Алматы: Ғылым, 2001.-285 с.

7.1.6 Аксартов Н.М. Биохимия /эл.-ресурс/лекционный курс.-Караганда: КарГУ, 2005.-1 эл. диск.



      1. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы.- Алматы: Ана тілі, 1993, 2004.-200 б.

      2. Кайрханов К.К. Методические указания к лабораторным занятиям по биохимии / издание третье, переработанное и дополненное / Семипалатинск, ЦНТИ, 2003.

7.2 Қосымша әдебиеттер


7.2.1 Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф., Биохимия.-Москва: 2000.-520 с.

7.2.2 Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия с/х животных.-М.:Колос,1984.-345 с.

7.2.3 Строев Е.А. Биологическая химия. -М.: 1986.-480 с.

7.2.4 Николаев А.Я. Биохимия. Москва: 1989.-495 с.



7.2.5 Строев Е. А., Макарова А. А., Практикум по биологической химии. М.: «Высшая школа», 1986. -231с.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет