Лекция конспектісі 6В01403-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы үшін



бет1/14
Дата13.09.2024
өлшемі230,5 Kb.
#204297
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері ЛЕКЦИЯ


Ф5-ПД-33-21

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫ




«ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ»


МЕЖДУНАРОДНЫЙ ГУМАНИТАРНО-
ТЕХНИЧЕСКИЙ
ИНСТИТУТ


Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері пәні бойынша

ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ

6В01403-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы үшін
Шымкент-2021
Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері пәні бойынша лекция конспектісі. Шымкент: Орталық Азия Инновациялық Университеті, 2021ж. – ___бет.
Құрастырушы: магистр- оқытушы Кәдірбердиева А.Ш.
Лекция конспектісі оқу жоспары мен Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сай құрастырылып, курстың барлық қажетті мәліметтерін қамтиды.
Лекция конспектісі 6В01403 – Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған.

1 тақырып


Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру

Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді.
Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін
Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.
2. Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.
3. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла
4. Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр.
5. Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма.
6. Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.
7. Пышақтың жүзін саусағынмен сипама.
8. Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат.
9. Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме.
10. Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма.
11. Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе
Сергіту сәті
Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.
V Жаңа сабақты бекіту
«Тақырыптардың түйісуі» ойыны:
Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.
Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау
2 тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет