Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері.
Сабақтың мақсаты: а) Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы мен жұмысы. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмысымен таныстыру.
Білімділігі: Станоктың құрылысымен жұмыс үрдісін түсіндіру, «машина» ұғымын қалыптастыру. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмыс істеу.
Дамытушылығы: Станоктың бөлшектері мен сызбаларын оқып үйрену, оқушылардың іскерлігін, жұмыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Компьютерлік сауаттылыққа бағыттау, техникаға қызығушылыққа
ә) Ағаш өңдейтін токарь технологиялық машина. Ол ағашты жонып,егеу арқылы әр түрлі формаға келтіреді., айналатын денелер түріндегі бөлшектер жасалады.
б) Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының құрылысымен танысайық, маркасы С- станок, Т-токарьлық, Д- ағаш өңдеуші 120-арақашықтық,м-жетілдірілген станок мүлгісі, платформадан, электр қозғалтқыштан, қорғағыш қаптама, тректі табан, станок негізгі бөлігі, алдыңғы қыспақ тетік, артқы қыспақ тетік, шам, патрон, ұстайтынтұтқа, мөлдір экран, түймеше тетіктен тұрады.
Қазір ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандықтардың түрлері көп. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.
Үйші деп негізінен киіз үйдің сүйегін, яғни кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын жастық ағаш , жүкаяқ, төсек ағаш, кебеже тәрізді үй-іші, мүлкі аяқ-табақ оятын іскерлерді оймашы деп атаған.
Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін т.б.түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шынта шарбақ өрушілерді тоқушы деп атаған. Алайда бұл бөліңістің тиянақты шегі жоқ, себебі өмірде балташы үйшілікпен, ал үйші тоқушылықпен немесе тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтан ежелгі ұғымды, ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберді ұста деп атаған.
Ал ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы , ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан , нағыз ұста , ұсталық өнердің жоғарыда аталған екі түрінде жете меңгерген. Сондықтан оң саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халық ұста деп атаған. Халқымыз айтулы ұсталар соққан заттарды кие тұтқан. Атап айтқанда , қас шебердің қолынан шыққан заттарды ырым етіп іліп қою бүгінге дейін сақталған.
Еліміздің нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты қазіргі кәсіптік техникалық мектептерде әмбебап ұсталар даярлау қолға алынды. Олар ағаштан, темірден , басқада конструкциялық материалдардан әшекей бұйымды жасауды үйренеді. Сонымен қатар 2-3 жыл ішінде ұсталық өнердің 3-4 түрін меңгереді.
3. Сұрақтарға жауап.
Сабақты қорытындылау. Бағалау
Үйге тапсырма
№9 тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |