1. Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы «Педагогикалық үдеріс»



бет5/10
Дата09.12.2023
өлшемі79,46 Kb.
#195995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6-дәріс

Мектептің отбасыларымен жүргізетін ұжымдық жұмыс формалары мыналар: ата-аналармен жеке кездесу, жалпы ата-аналар жиналысы, сынып ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитеті, ата-аналар белсенділерімен жұмыс, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер, педагогикалық лекторийлер, педагогикалық білім университеттері, жылдық қорытынды ғылыми-практикалық конферециялар, ашық есік күндері (ата-аналар күндері), педагогикалық кеңес беру (консультациялар) т.б.
Мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады. Мұғалім сынып ата-аналарының жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқындап алуы қажет. [4]
Педагог мамандығын таңдап үлгерген адамға педагогикалық мораль өзінің төмендегідей талаптарын қояды:
- педагог қызметіне қажетті жеке қасиеттерін жетілдіру, педагогикалық шеберлігін ұштауға ұмтылу;
- тұрақты түрде өзіне қазіргі заманғы мектеп талаптарына өзінің сай келетіні-келмейтіні туралы сұрақ қою;
- педагог мамандар құрамының сапасын жақсартуға атсалысу, педагог мамандығының беделі мен қадір-қасиетін сақтап, қорғау.
Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, А.Н.Щербаков мұғалім қызметінің төмендегідей функцияларын белгілейді:
1. Диагностикалық – оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.
2. Болжаушы – тәрбиелік іс-әрекеттің мақсаты, міндеттері, бағыты, нәтижесі және жоспарының белгіленуі.
3. Құрылымдық-жобалау – жоспардың мазмұныны, мүмкін болатын нәтижесін жоболау, құру.
4. Ұйымдастыру – оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу, олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру.
5. Ақпаратты-түсіндірмелі – оқу материалдарын түрлі жолдармен ұсыну, оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
6. Коммуникативті- ынталандыру – мұғалімнің жеке бас ерекшеліктері, адамгершілік мәдениеті, рухани байлығы және қарым-қатынас орната білуі.
7. Талдау-бағалау – оқу-тәрбие үрдісінің барысын талдау, нәтижесіне баға беру, кемшіліктері мен ауытқушылықтарын анықтау, түзету, жою.
8. Зерттеу-шығармашылық – оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдістәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің дамытылуы.[5]
Кәсіптік шеберлікті жетілдіру бойынша жұмыс істеу педагог қызметіне деген сүйіспеншілікті сақтап, дамытуға көмектеседі, өйткені педагог еңбегінің қуанышы оның жоғары сапасынан, шығармашылық ізденістен және табысқа жетуге ұмтылудан, оның ішінде жас ұрпақ тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғысынан қалыптастырудың инновациялық бағыттарын іздеп, табудан көрінеді.
И.П.Подласыйдың пікірінше, педагогикалық үдеріс - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады. Оның барлық құрамаларының бір мақсатқа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет