Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі: - бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
11. Мемлекеттік емтихан сұрақтары: Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.
ХХ ғасырдыңбасындағықазақинтеллигенциясыныңқалыптасуы: әлеуметтікқұрамы, білімі, қызметі.
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық - демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері. Қос өкімет жағдайындағы Қазақстан.
«Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Алаш автономиясының және Қоқан автономиясының тарихы.
Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Үш Жүз, РСДРП бөлімдері большевиктер, кадеттер, эсерлер.
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскер коммунизм» саясаты.
Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автонмиялық Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақстан және Орта Азия республикалары жерлерін ұлттық-территориялық межелеу.
1920 жылғы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары.
Голощекин Ф.И. және оның Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты.
Қазақстандағы индустрияландыру: барысы, ерекшеліктері және қорытындылары (1928-1940 жж.).
1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (бай шаруашылықтарының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру, ауылшаруашылық дақылдарын дайындау компаниясы).
Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттар, іске асыру әдістері, салдары.
Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. «Бесеудің хаты». Рысқұловтың И.Сталинге хаты.
Сталиндік репрессиялар, олардың көлемі және ауыр салдарлары.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы.
ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Қазақстанға корейлердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация.
Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы.
Қазақстандықтардың майдандардағы қимылдарға және партизан қозғалыстарына қатысуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери ерліктері.
Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
1940 ж. екінші жартысы -1950 жж. қоғамдық-саяси жағдай. «Бекмаханов ісі».
1946-1953 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму.
ХХ ғасырдың 40 ж. екінші жартысы -1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру.
Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
1953-1964 жж. өнеркәсіптің дамуы. Теміртаудағы оқиға.
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық – өмір. КОКП-ның ХХ сьезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.
Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа.
1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.
XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысы - 80-жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.
XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана – сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі («Жас Тұлпар»).
КСРО өнеркәсібінің дамуындағы Қазақстанның үлесі. Өндіріс саласының дербестігінің шектелуі және өнеркәсіптің дамуының қайшылықты сипаты.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар», дағдарыстар және қиыншылықтар.
Қазақстандағы экологиялық жағдай. Аралдың тартылуы. Семей полигоны.
Қазақстан «қайта құру» кезеңінде. (1985-1991 жж.). М.С.Горбачевтың реформалары.
Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары. Себептері, сылтауы және салдары.
«Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы. КазКСР мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация (1990 ж.).
Кеңестер Одағының ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (ТМД).
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заң.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
Азаматтық қоғамның және оның саяси институттарының дамуы. ҚР қоғамдық қозғалыс.
ҚР ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы.
1993 және 1995 жж. ҚР Конституциялары. Мемлекеттік басқару органдары: Президент, Парламент және Үкімет.
Қазақстан - 2030. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауы.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қысым, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық (ХХ ғ. 90-ж. І жартысы).
Жоспарлы экономикадан нарыққа өту. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы экономиканың негізгі салаларының дамуының басымдықтары және болашағы.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым реформаларының негізгі бағыттары.
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - қазақстандық қоғамды біріктіру институты.
Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастар. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.
«Нұрлыкөш» бағдарламасы және отандастардың Қазақстанға оралуы.
ҚР көппартиялық парламенттің қалыптасуы. Нұр Отан: мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі орны және рөлі.
Қазақстан Республиикасындағы жастар саясаты және рухани жаңғырудың жолдары.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты және іске асырудың негізгі бағыттары.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 жылғы 14 желтоқсан).
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулердің президенттік бағдарламасы.
Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік қайраткер және саясаткер.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этноодемографиялық жағдай және ұлттық қатынастар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Сыртқы саясат тәуелсіз Қазақстан Республикасының факторы ретінде. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны мен маңызы.
БҰҰ ҚК мүше ретінде Қазақстанның қызметі. ЕҚЫҰ –на Қазақстанның төрағалығы және оның нәтижелері.
Нұр-Сұлтан – жаңа Еуразияның символы және үлкен болашақтың қаласы.