Тақырып 11 Құстардың қаңқасының құрылысы. Тапсырма: 1. Құстар қаңқасының құрылысының ерекшеліктерімен танысу, салмағын жеңілдететін пневматикалық сүйектерге, кейбір қаңқа сүйектерінің жіктерінің бірігіп кетуіне көңіл аудару.
2. Таблицаны толтыру
3. Альбомға келесі суреттерді салу
А) қарғаның ми сауытының бүйірінен көрінісін
Б) қарғаның ми сауытының астыңғы жағының көрінісі
В) Дене қаңқасының бүйір көрінісін (омыртқа жотасымен, иық белдеуімен, кеуде қуысымен, қабырғалармен, жамбас белдеуімен бірге)
Г) Қанатының қаңқасы
Д) Артқы аяғының қаңқасы
Кесте 11 Ұшуға бейімделуге байланысты сұр қарғаның қаңқасының құрылысы.
№
Сұр қарғаның қаңқа бөлімдерінің құрылысы
Ұшуға байланысты, қаңқа құрылысының ерекшеліктері
1
Негізгі қаңқа
2
Ми сауыты
3
Аяқтары және оның белдеулері
Тақырып 12 Сүтқоректілердің қаңқасының құрылысы Тапсырма: 1. Сүтқоректілер қаңқасының құрылысының ерекшеліктерімен танысу
2. Ми сауытының бүйірін, үстін, астын жауып тұрған сүйектерге көңіл аудару
3. Иық белдеуімен алдыңғы аяқтар қаңқасымен, жамбас белдеуі мен артқы аяқтар қаңқасымен танысу
4. Таблица толтыру
5. Альбомға келесі суреттерді салу:
А) ми сауытының бүйірінен және астынан көріністер салу
Б) иық белдеуі мен алдыңғы аяқ қаңқаларын
В) жамбас белдеуі мен артқы аяқ қаңқаларын
Кесте-11 Түлкі қаңқасының құрылысының сұр қарға қаңқасымен салыстырмасы