1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: п.ғ. к., доцент Байбақтина Ақсәуле Тоқтарқызы



Pdf көрінісі
бет18/63
Дата26.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#105789
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
СИЛЛАБУС 2МИПКО ИОӘ 2020-21 II Байб утв
test dejstvija nad matricami, 11 алгебра БЖБ, 1410319942437 (1), Пайтон есеп варинат , 464369, Бахтияров Уткирбек нгд 20-1
Дәріс №6. 

Тақырыбы:

 

Қазіргі мектептерде информатиканы оқытуды ұйымдастыру  



Сағат саны:  1 

Жоспары: 

1.

 



Сабақ және оның құрылымы.  

2.

 



Қазіргі информатика сабағына қойылатын талаптар.  

3.

 



Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және оны жүргізуі. 

4.

 



Сабақты талдау оқу үдерісінің әдістемелік құрамдас бөлігі ретінде. 

5.

 



Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау және бағалау жүйесі.  

 

Жалпы білім беретін орта мектептерінде барлық пәндер бойынша оқушыларен оқу 



тәрбие жұмысын жүргізудің ең негізгі формасы сабақ. Мектептегі сабақ жалпы оқытудың 

класс  сабақтық  сипаттамасының  негізін  қалайды.  Оған  тән  белгілер  (класс  сабақ 

жүйесіне): 

1.оқушылар тобы құрамының тұрақтылығы; 

2. әрбір кластағы оқыту мазмұнының қатаң анықталғандығы; 

3. тұрақты сабақ кестесіінің болуы; 

4. оқушы мен коллективті хәне жеке түрде жүргізілетін жұмыстардың бірлігі; 

5. мұғалімнің жетекшілік ролі; 

6. оқушылар білімін жүйелі түрде тексеру және бағалау; 

Жалпы класс сабақ жүйесі чех халқының педагогі Я.А.Коминскийден бастау алған. Сонан 

бері  тәжірибелер  жинақталып  бірнеше  түрлері  пайда  болды  (белльланкастерлік  түрі, 

мангейм жүйесі, дальтон жоспары, трамп жоспары) . 

Әрбір  сабақтың  өзіне  тиісті  мақсаты,  міндеті,  бағыт  бағдары  және  логикалық 

жағынан  аяқталған  болуы  керек.  Информатикамен  ЕТК    -  н    мектепке  енгізгеннен  бергі 

уақытта  жиналған  тәжірибе  бұл  пәнді  оқыту  үшін  бұрыннан  қолданылып  жүрген  оқыту 

формалары:  үй  тапсырмасын  тексеру,  зертханалық  сабақ,  бақылау  жұмыстары  т.б. 

пайдаланудың  дұрыстығынкөрсетіп  отыр,  дегенмен  оқыту  процесінде  ЭЕМ  сын 

пайдалану  оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа  формаларын,  әдістерін  іздестіруді  талап  етіп 

отыр. 



Сабақтың  басты  белгісі:  оның  дидактикалық  мақсаты,  яғни  оқытушының  алға 

қойған  жоспарын  көрсетеді,  осы  белгінің  негізінде  сабақтың  типі  анықталып, 

сарапталады. Дидактикада сабақ дегеніміз: 

-

 



жаңа сабақ ( жаңа материалды түсіндіру, оны оқып үйрену); 

-

 



оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, яғни білімді бекіту және ол 

білімді қолдана білу іскерлігің шыңдау сабағы; 

-

 

өтілген материалды қайталау және жүйелеу; 



-

 

білімді бақылау және тексеру; 



-

 

құрама сабақтар (комбинированные уроки); 



Ал  өмірде  көбіне  аралас  сабақ  түрі  кеңінен  қолданылады.  Сабақтың 

түрлерінтараластыра  қолдану  жаңа  білімді  сапалы,  әрі  жылдам  қабылдауды,  кері 

байланысты  және  педагогикалық  процесті  басқаруды,  бағаларды  көбейтуді,  оқытуды 

жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік 

дидактикалық ерекшеліктері бар. ЭЕМ ді қолдану мөлшеріне қарай үш т  

Ал  ИжЕТН  сабағын  оқытуды  ұйымдастыруда  ескеретін  нәрсе  әрбір  сабақта 

оқушылар  ЭЕМ-мен  жұмыс  істеуі  тиіс.  ЭЕМ  ның  сабақта  қолдану  ұзақтығына 

байланысты  тағы  да  классификация  жасауға  болады:  ИжЕТН  курсының  конкурстық 

программасында  ЕТК  нің  сабақта  (М.П.  Лапчик  информатика  курсы  бойынша  өтілетін 

сабақтарды)  қолданудың  үш  түрі    көрсетілген:  демонстрация,  фронтальдық  зертханалық 

жұмыс, практикум. 

Демонстрация 

Мұғалім  демонстрациялық  экрандарды  пайдаланып  сабақтың 

мазмұнына  сәйкес  қажетті  элементтерді  (мысалы,  программадан  фрагменттер,  блок 

схемелар,  текстер)  оқушыларға  көрсетіледі.  Мұны  орындағанда  мұғалім  өзінің  жұмыс 

орнында  отырады,  ал  оқушылар  оның  қимылын  бақылап  тұрады    немесе  өз  жұмыс 

орындарында  оны  қайталап  отырады.  Кейбір  жағдайларда  дайын,  арнайы 

демонстрациялық  программаларды  оқушының  жұмыс  орнына  жіберуге  болады,  мұнда 

оқушылар  өзбетінше  жұмыс  жасайды.  Қазір  ДЭЕМ  ның  графикалық  мүмкіндіктері 

дамыған сайын компьютердің көмегімен жүргізілетін демонстрацияның да дидактикалық 

мүмкіншіліктері,  маңызы  артып  келе  жатыр.  Сонымен  демонстрацияның  атқаратын 

міндеті  оқушыларға жаңа информацияны хабарлау. 

Фронтальды  лабораториялық  жұмыс.

    Барлық  оқушылар  өз  жұмысын  орнында 

мұғалімнің  жұмыс  орнынан  жіберілген  программамен  жұмыс  жасайды,  зертханалық 

жұмыстың атқаратын дидактикалық қызметі: 

1. оқытушы  программаның  көмегімен  жаңа  материалды  түсіндіру  (обучающие 

программы); 

2. жаттықтырушы  программаның  (программа  тренажер)  көмегімен  мұғалімнің 

түсіндірген жаңа материалын бекіту; 

3. тексеруші  программаның  (контролирующие  программы)  көмегімен  игерілген 

білімді тексеру; 



Практикум   

 оқушылар мұғаліммен өзбетінше , жеке жеке тапсырмалар алып бір-

екі  сабақ  бойы  тапсырманы  орындайды.  Тапсырманың  кейбір  бөліктерін  сабақтан  тыс 

уақытта, көбінесе үйде орындайды. Мұндай тапсырмалар ереже бойынша курстың белгілі 

бір бөлімін аяқтаған соң беріледі. Оқушылар қай уақытта машинамен жұмыс іст еу керек, 

қай  уақытта  кітаппен  жұмыс  істеу  керек  өздері  шешеді;  мұғалім  практикум  кезінде 

оқушының ЕТК гі жұмыс уақыты тиісті нормадан асып ктпеуін қадағалауы керек. 

Информатикадан  оқу  сабақтарын 



дидактикалық  функциясы  бойынша  топтауға 

болады: 


1- түрі  сабақ.

 

Сабаққа тән дидактикалық функциялары оқу бағдарламасында білім көлемін беру; 



негізгі  іскерліктерді  қалыптастыру:  оқулықпен,  анықтамалық  әдебиеттермен  және  т.б. 

жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау, есептер шығару. 



2-түрі лекция (теориялық оқыту)

 



Қандайда  бір  проблема  бойынша  ұғымды  беру;  тақырып  немесе  тарау  бойынша 

білімді  қорытындылап,  жүйелеу,  лекция  жазу,  жоғарғы  оқу  орнындағы  оқу  түріне 

дайындау іскерлігін қалыптастыру. 

3-түрі Семинар (теориялық оқыту)

 

Өтілген  тақырып,  бөлім  бойынша  білімді  жалпылап,  жүйелеу;  қосымша 



әдебиеттермен  жұмыс  істеу  іскерлігін  жетілдіру,  әр  түрлі  әдебиеттермен  мақалалардағы 

баяндалған материалдарды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу 

іскерлігі  реферат,  тезис,  баяндамалар  жоспарын  және  хабарламалар  жазу;  оқылғанды 

конспектілеу, көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану. 



4-түрі Конференция (теориялық оқыту)

 

Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетңп, кеңейту, қосымша информация 



көздерімен  жұмыс  істей  білу  іскерлігін  дамыту  оқыған  материалы  жөнінде  баяндама 

немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өзбетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. 



5-түрі әңгімелесу (теориялық оқыту)

 

негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі олқылықтарды ашу 



және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу; 

6-түрі консультация (теориялық оқыту)

 

білім мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау, оқу 



процесінде  пайда  болған  сұрақтарға  жауап  беру,  оқу  іс  әрекетінің  меңгеруге  көмек 

көрсету; 



7- түрі фронтальдық лабораториялық жұмыс

 

оқушылардың  программалық  қамтамасыз  етумен  жұмыс  істей  білу  іскерлігін 



қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту, меңгерілген материалды тексеру), жеңіл 

есептерді  орындау,  өз  бетімен  эксперимент  нәтижелерін  тіркеп,  оның  өорытындысын 

тұжырымдау; 

8-

түрі практикум

  

күрделі  программалармен  және  ПҚ  дің  қосымшаларымен  жұмыс  істей  білу 



іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру;  

Бекіту сұрақтары: 

1.

 

Қазіргі мектептерде  информатиканы оқыту қалай ұйымдастырылады?.  



2.Сабақ және оның құрылымы,  қойылатын талаптарды атаңыз?  

3.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және оны жүргізуін сипаттаңы?  

Әдебиет

: [1],[2-3],[4],[5],[6]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет