Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Теміртау оқиғасы



бет1/7
Дата03.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#108788
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бахтияров Уткирбек нгд 20-1

Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Теміртау оқиғасы.

Орындаған: Бахтияров уткірбек

Тексерген: Жұматаева Динора

Никита Сергеевич Хрущев

  • Никита Сергеевич Хрущев (5.4.1894, Курск губернаторлығы Калиновка с. — 11.9.1971, Мәскеу қаласы) — саяси қайраткер, Кеңес одағының батыры (1964), үш мәрте Социолистік Еңбек Ері (1954, 1957, 1961). 1908 жылдан Донбастың шахталары мен зауыттарында жұмыс істеген. 1918 — 20 ж. Азамат соғысына қатысты, кейіннен Донбасс пен Киевте шаруашылық және партия қызметтерінде болды. 1929 — 31 ж. Мәскеуде Өнеркәсіп академиясында оқыды. 1931 жылдан Мәскеудегі партия қызметінде болып, 1935 — 38 ж. БК(б)П Мәскеу облысы және қалалық комитеттерінің 1-хатшысы, 1938 жылдың қаңтарынан 1947 жылдың наурызына дейін Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. Жергілікті партия ұйымының басшысы ретінде Мәскеу мен Украинада жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырушылардың бірі болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында бірсыпыра майдан Әскери кеңестерінің мүшесі ретінде әскери басшылыққа партиялық қадағалауды күшейтушілердің бірі ретінде генерал-лейтенант (1943) атағын алды. 1944 — 47 ж. УКСР ХКК-нің (1946 жылдан Мин. кеңесі) төрағасы, ал 1947 жылдың желтоқсанынан қайтадан Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы, 1949 жылдың желтоқсанынан БК(б)П ОК-нің хатшысы және БК(б)П Мәскеу комитеттінің 1-хатшысы болды. 1953 ж. наурыздан КОКП ОК-нің хатшысы, қыркүйектен 1-хатшысы, сонымен бірге 1958 — 64 ж. КСРО Министр кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық — мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. 1954 — 64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет