Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Теміртау оқиғасы



бет7/7
Дата03.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#108788
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бахтияров Уткирбек нгд 20-1
test dejstvija nad matricami, 11 алгебра БЖБ, 1410319942437 (1), Пайтон есеп варинат , СИЛЛАБУС 2МИПКО ИОӘ 2020-21 II Байб утв, 464369

Теміртау оқиғасы

1959 жылы 17 қазанда КОКП ОК Президиумында «Қарағанды металлургия зауыты құрылысындағы істің жағдайы туралы» мәселе қаралды. Қабылданған қаулыда «Қазақстан КП ОК-і құрылыста қалыптасқан жағдайға дұрыс саяси баға бермеді, екі айдың ішінде ОК мүшелерінің ешқайсысы құрылыста болған жоқ және өндірісті ұйымдастыру мен еңбекшілерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі қажетті шараларды ОК бюросы қабылдамады. Қазақстан КП ОК-і Теміртау қаласындағы оқиға туралы КОКП ОК-не дер кезінде мәлімдемеу арқылы тәртіпсіздік көрсетті» деп атап көрсетілді. ҚКП Қарағанды обкомының бірінші хатшысы П.И. Исаев орнынан алынып, «бір жылдан кейін партияға қайта оралуы мүмкін» деген сөйлеммен партиядан шығарылды. Сонымен қатар, ҚКП Қарағанды обкомының басқа хатшылары мен облыстық халық шаруашылығы кеңесінің жетекшісі әртүрлі партиялық жазалуға ұшырады. «Қазметқұрылыс» трестінің басшысы А.С. Вишневский қызметінен алынып, партиядан шығарылды. ҚКСР Құрылыс министрі А.П. Кротов «Қазметқұрылыс» трестіне басшы болып тағайындалса, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің мүшесі Б.Ф. Братчетко облыстық халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы болып, құрылыс басшылығы «нығайтылды».

  • 1959 жылы 17 қазанда КОКП ОК Президиумында «Қарағанды металлургия зауыты құрылысындағы істің жағдайы туралы» мәселе қаралды. Қабылданған қаулыда «Қазақстан КП ОК-і құрылыста қалыптасқан жағдайға дұрыс саяси баға бермеді, екі айдың ішінде ОК мүшелерінің ешқайсысы құрылыста болған жоқ және өндірісті ұйымдастыру мен еңбекшілерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі қажетті шараларды ОК бюросы қабылдамады. Қазақстан КП ОК-і Теміртау қаласындағы оқиға туралы КОКП ОК-не дер кезінде мәлімдемеу арқылы тәртіпсіздік көрсетті» деп атап көрсетілді. ҚКП Қарағанды обкомының бірінші хатшысы П.И. Исаев орнынан алынып, «бір жылдан кейін партияға қайта оралуы мүмкін» деген сөйлеммен партиядан шығарылды. Сонымен қатар, ҚКП Қарағанды обкомының басқа хатшылары мен облыстық халық шаруашылығы кеңесінің жетекшісі әртүрлі партиялық жазалуға ұшырады. «Қазметқұрылыс» трестінің басшысы А.С. Вишневский қызметінен алынып, партиядан шығарылды. ҚКСР Құрылыс министрі А.П. Кротов «Қазметқұрылыс» трестіне басшы болып тағайындалса, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің мүшесі Б.Ф. Братчетко облыстық халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы болып, құрылыс басшылығы «нығайтылды».
  • Тағы бір атап өтетін жағдай, 4-тамызда оқиға орнына Москвадан КОКП ОК хатшысы Л.И. Брежнев пен республика басшылары келеді. Н.С. Хрущев бұл кезде АҚШ-та іссапармен жүрген болатын. Бұл жағдайды Н.Ә. Назарбаев былай деп еске алады: «Егер Қазақстан Магниткасындағы құрылысшылардың Брежнев қатысып сөз сөйлеген жиналысы болмағанда, ондай жазалау шараларының орын алмауы да әбден мүмкін еді. Ал ол, Брежнев, өз әңгімесін мейлінше қатты ашумен бастады, жұмысшыларды іріткі тудырып, саботаж жасадыңдар, саяси сауатсыздық таныттыңдар, сөйтіп, дүниежүзілік империализмнің отына май құюшы антисоветтік элементтердің жетегінде кеттіңдер деген айыптауларды қардай боратыпты. Әсіресе бастырмалата айтқаны, сендер Никита Сергеевичті ұятқа қалдырдыңдар, ал ол болса, металлургия комбинатының құрылысшылары жөнінде әкелік қамқорлық жасаумен жүр деген айыптаулар болыпты! Міне, осы жерде ол есебінен жаңылыпты. Адамдар сөз сөйлеушінің биік дәрежесімен санаспай, ашу-ыза білдіріп, толқи бастапты. Жұрт отырған орындарынан айқай салыпты: «Қамқорлық жасап жүрсе, жұмысшылар неге ет көрмей кетті? Тұрғын үй неге салынбайды? Басшылар ұрлық жасауға неге құнығып алды?» Міне, осындай «неге?» деген сұрақтар Брежневке бұршақтай жауыпты. Мұның өзі оның алғашқы жоғары әуенін бәсеңсітуіне апарып соғыпты. Леонид Ильич Теміртауда тәртіп орнатуға, бұзақылық былыққа жол берген кінәлы адамдарды жазалауға уәде беруге осылай мәжбүр болыпты». Әрине, Л.И. Брежнев қайтып кеткен соң, барлық басшылар шұғыл түрде жұмысшы жастардың жағдайын жасауға кіріседі.

Осы көтерілістен соң құрылыстағы жағдай күрт өзгеріп, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы біршама дұрысталады. Н.Ә. Назарбаев 1960 жылы Днепродзержинскіден Теміртауға келген кезінде «бізді бәрінен бұрын бірден таң қалдырған нәрсе қала магазиндерінде азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіп товарларының сіресіп тұрған молдығы еді» деп еске алған болатын...

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет