Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Теміртау оқиғасы


Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан



бет2/7
Дата03.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#108788
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бахтияров Уткирбек нгд 20-1

Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.

  • ¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті.
  • Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.
  • Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет