Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды.