Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне спорт министрлігі
Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Бяндама
Тақырыбы :
«
Саяси партиялар, партиялық жүйелер жəне қоғамдық-саяси
қозғалыстар»
Пəн:
“Саясаттану негіздері”
Орындаған:
Нұрлан Сабина
Тексерген:
Күлдібаев Е.Қ.
Алматы, 2022 г.
1.Саяси партиялардың пайда болуы мен қалыптасуы. Олардың атқарар
қызметі.
2.Партияларды танудағы аспектілер: əлеуметтік құрылымы, саяси
платформасы мен идеологиялық бағыттары.
3.Партия типтері. Мемлекеттік саяси жүйедегі партия ролі
4. ҚР қоғамдық-саяси қозғалыстар жəне олардың саяси белсенділігі.
Саяси жүйеге мемлекетпен бірге саяси партияларда кіреді. «Партия»
сөзі латын тілінен аударғанда «бөлу», «бөлшек» дегенді білдіреді.
Алғаш Ежелгі Грецияда пайда боды. Қазіргі саяси партиялар ХІХғ. 2-
ші жартысында Еуропада пайда болған. Оған ықпал еткен
буржуазиялық
революциялар
болды.
Мемлекеттік
билікті
ұйымдастырудың түрі-парламенттер мен парламентаризм дүниеге
келді. Алғашында көпшілік партия болмады. Бірінші көпшілік партия
болып 1861 жылы Англияда пайда болды. Соңынан мұндай партиялар
қаптап кетті. Саяси партия тапты немесе əлеуметтік топты
ұйымдастырады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның
маңызды міндеті-азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы
байланысты баянды ету. Партиялар арқылы əлеуметтік топтар
өздерінің саяси талаптарын мəлімдейді. Қоғамның қай жігіне
партияның ықпалы күшті жүрсе сол партияның əлеуметтік негізін
құрайды. Демек, солардың мүддесін қорғайды. Жəне де саяси өмір
мəселесіне баса назар аударады. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей
ұйымдасуына байланысты 4 түрге бөлінеді. 1.Авангардтық партия
2.Сайлаушылар партиясы 3.Парламенттік партия 4.Қауымдстық
партия Саяси идеологиясына қарай 5 түрге бөлінеді: 1.Коммунистік
партия.
2.Социал-демократиялық
партия,
3.Буржуазиялық-
демократиялық партия. 4.Консервативтік партия 5.Фашистік партия.
Бұл аталған партиялардың өзіндік идеологиялық бағытына жəне саяси
тəртіпті қолдауларына қарай өзіндік əрекеттері бар. Саяси өмірдегі
алатын орны мен билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси
партиялар билеуші жəне оппозициялық деп бөлінеді. Олардың
жұмысын əдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Бұл
жағдай қазір Қазақстанда да көп партиялы жүйемен реттелуде. Жəне
де қоғамның саяси өмірі қоғамдық-саяси қозғалыстарменде толығуда.
Бұл саяси өмірдің мəселелсін реттеуші күштердің болуы
демократиялық кезеңнің орнығуымен сəйкес келеді.
Партия бағдарламасы — соның негізінде қоғамның қазіргі жағдайы
жəне оның алдағы болашағына қатысты қатынастар қалыптасатын
белгілі бір нақты құндылықтарды ұстанатындығын жариялайтын
негізгі құжат болып табылады. Демократиялық мемлекеттегі
партиялар əртүрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін білдіреді.
Көзқарастары, пікірлері мен сенімдері түрғысынан бір-біріне жақын
адамдар осындай бірлестіктер арқылы өз мүдделерінің шеңберін
белгілеп, болашақтағы міндеттерін құрады. Партия көптеген
адамдардан тұратын ұжым болып табылатындықтан, олардың
партияға мүше болуы партия мүшелеріне қоғамдық пікірталастарда
жəне мемлекет деңгейінде көтерілуі тиіс мəселелерді табуға
көмектеседі. Қоғамдағы негізгі саяси ұйымдардың қолданыстағы
бағдарламалары негізінде айтарлықтай сенімді түрде елдегі партия
күштерінің арақатынасын анықтауға жəне онда қазіргі күнде бар
қайшылықтарды табуға болады.
Кез келген саяси партия сайлауларда жеңіске жетуге ұмтылады жəне
сайлаушылардың басым көпшілігін дəл осы партияның саяси бағыты
ғана елдегі барлық күрделі мəселелерді пəрменді түрде шешуге
мүмкіндік беретіндігіне сендіру мақсатын ұстанады. Ол сондықтан өз
жақтастарының қатарына бір топтың немесе бір таптың өкілдерін
тартумен қатар, бір мезгілде өзінің жалпыұлттық мүдделерге жақын
екендігін жариялап отырады. Партиялар өздерінің көптүрлілігінің
арқасында жекелеген топтардың əртүрлі, көп жағдайда бір-біріне
қайшы келетін мақсаттары мен міндеттерін мемлекет деңгейінде
біріктіруге жəне оларды түтастыққа айналдыруға мүмкіндік беретін
қүрал болып табылады. Бұл үдерістің соңғы нəтижесі, ең біріншіден,
сайлаушылардың еріктері мен қалауларына тікелей тəуелді болады.
Демек, парламенттен көп орын алған партия соған сəйкес өз
бағдарламаларын іске асыруға да көп мүмкіндік алады.
Партияның парламенттен аз орын алып қалуы оның саяси өмірде рөл
ойнамайтындығын білдіре ме ?
Саяси партиялардың қалыптасу тарихы. Қазақ хандығы дəуірінде
саяси күрес негізінен беделді түлғалар болып саналатын хандар мен
сұлтандардың төңірегіне жинақталған ірі ру-тайпалық топтардың
арасында жүрді. Мұндай бейресми ұйымдар бір жүздің немесе ру-
тайпаның өкілдерін ғана қамтитын. Əртүрлі ру-тайпалардың өкілдері
билеушінің (ханның) орнына күрес басталған кезде ғана өткір
бəсекелестіктер пайда болатын. Қазақстан Ресейге қосылып жатқан
кезеңде осы одақты жақтаушылар мен қарсыластар топтары
қалыптасты. Ал, Батыс Еуропада феодалдық кезеңдегі осы тəріздес
бірлестіктер қазіргі күндегі саяси партиялардың бастауына айналды.
Əртүрлі мүдделердің төңірегінде уақыт өте келе тұрақты топтарға
айналған саяси бағыттағы уақытша одақтар мен каолициялар көрініс
таба бастады. Осы орайда, XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басында
Англия мен АҚШ-та заманауи түрдегі саяси партиялар пайда бола
бастады деп айтуға болады.
Ресейде партиялар ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады.
Қазақстан да сол кезеңдегі империяның бір бөлігі ретінде осы
үдерістерге тартыла бастады. Қазақстан аумағындағы ірі қалаларда
жалпыресейлік партиялар мен ұйымдардың (кадеттер, ресей социал-
демократиялық жұмысшы партиясы, социалист-революционерлер,
меньшевиктер жəне т.б.) филиалдары пайда бола бастады. Қазақ
зиялылары арасында ұлт-азаттық түғырдағы алғашқы «Алаш» жəне
«Үш жүз» партиялары құрылды. Олар қазақ мемлекеттілігін қайта
қүруды жəне қазақ халқының мəдениетін, оның өмірлік жəне
құқықтық жүйесін қорғауды мақсат етіп қойды. Одан бөлек, ел
тұрғындарының бір бөлігі Түркістан аймағында əрекет ететін
жергілікті мұсылман партиялары мен ұйымдарына белсенді түрде
қолдау
білдірді.
Яғни,
осы
кезеңде
көппартиялық
пен
парламентаризмнің пайда бола бастағаны туралы айтуға болғанымен,
бір мезгілде демократия негіздері жаңадан қаланып жатқандықтан
оның қалыптасқаны жəне дамығандығы туралы айтуға əлі де ерте еді.
Ресей империясындағы сайлаулар еркін жəне теңқұқықты болмады —
олар сословиелік принцип бойынша жүргізілді. Қазақтардың
Мемлекеттік Думадағы үлесі де тым мардымсыз болатын.
Ресейдегі жəне оның бір бөлігі болып табылатын сол кезеңдегі
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасу тарихы революция алып
келген қайғылы оқиғалармен аяқталды. «Алаш» партиясының
қайраткерлері 1917-1918 жылдардағы Қазақстанда орын алған
оқиғаларға белсенді қатысты. Олардың Алашорда ұлттық өкіметін
жариялаған үндеуін большевиктер сатқындық деп айыптап, оны
таратып жіберді. «Алаш» ұйымының көптеген қатысушылары
қуғындауларға түсіп, олардың бір бөлігі кеңес билігіне қолдау
білдірді. Дегенмен 30 жылдары олар да қуғын-сүргінге ұшырап,
көпшілігі атылу жазасына ілігіп кетті. Большевиктер азамат
соғысында жеңіске жеткеннен кейін КСРО-да қызмет атқаратын
бірден-бір партия — Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы
(КПСС) қалды. Біздің республикада оның филиалы болып табылатын
Қазақстан Компартиясы қызмет атқарды. Яғни, 1917 жылғы қазан
төңкерісі
парламентаризм
мен
демократия
негіздерінің
қалыптасуының табиғи барысына нүкте қойды деп айтуға болады.
Кеңестер Одағында өткен ғасырдың 80 жылдарының соңына дейін
Коммунистік партияға балама партиялар мен үйымдарды қүру туралы
сөз қозғаудың өзі артық еді. Кеңестік жүйеде қайта құрудың басталуы
(1985 жыл) елдің дамуындағы жаңа жолдарды іздестіруге алып келді.
Шығармашылық жəне зиялы қауым арасында, одан кейін
тұрғындардың кең бөліктерінің арасында қоғамда белең алған
экономикалық жəне саяси тоқыраудан шығуға қатысты əртүрлі
пікірлер қалыптаса бастады. Жаңару мен демократияландыру
идеяларының негізінде халық фронттары, демократиялық күштер
одағы, демократиялық партия, демократиялық одақ жəне басқа да осы
бағыттағы көптеген балама ұйымдар пайда бола бастады. Ұлттық
тəуелсіздік үшін күреске одақтас республикалардағы бүқаралық
қозғалыстар қатысты. Қазақстанның суверенитеттілігі идеясының
жақтаушылары бірнеше ұйымдарға бірікті. Осы қатарда бастапқыда
Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, «Алаш», «Желтоқсан»
партиялары кең танымал болды.
Қазақстан тəуелсіздікке қол жеткізген соң елдегі саяси күштердің
қайта топтасуы орын алды. Өйткені қоғам жағдайының өзгеруі саяси
ұйымдардан өз мақсаттары мен міндеттеріне қатынастағы жаңа
əдістер мен жолдарды талап ете бастады. Еліміздегі сол кезеңдегі ең
үлкен партия болып табылатын Коммунистік партия қайта
реформаланып, өз атын социалистік партияға ауыстырды.
Коммунистік идеалдарға қатынастағы сенімдерін сақтап қалған
консервативтік күштер көп өтпей-ақ Компартияны қайта құрып алды.
Елімізде 1990 жылдары сонымен қатар Социалдемократиялық партия,
«Желтоқсан» партиясы, Қазақстан Халық Конгресі, Қазақстанның
Қайта өрлеу партиясы, Демократиялық партия, Республикалық партия,
Қазақстан Халық Шрлігі партиясы, ХалықКооперативті партиясы,
Азаматтық партия, «Отан» партиясы тəрізді саяси күштер құрылды.
Сонымен қатар Либералдық қозғалыс, Халық фронты, «Азамат»
қозғалысын құру туралы жарияланды. Осы айтылып отырған
ұйымдардың бір бөлігі қазіргі күнде өз қызметтерін тоқтатты.
Еліміздегі бірқатар ұйымдар жаңа құрамдағы парламент сайлауларына
қатысты. Мəселен, 1995 жылғы депутаттық корпуста Қазақстан Халық
Конгресі партиясы, Қазақстанның Халық Бірлігі партиясы, Халық-
Кооперативті партиясы, Қазақстанның Қайта өрлеу партиясы, «Лад»
славян қозғалысы жəне басқа да партиялардың өкілдері болды.
Парламенттегі айтарлықтай көп орынды Қазақстанның Халық Бірлігі
партиясы иеленіп, ол Мəжілісте 27 орынға (палата депутаттарының
жалпы санының 40%) жəне Сенатта 18 орынға (38%) ие болды.
Өкінішке орай, сол кезеңде қоғамдық пікірді зерттеулер мақсатында
жүргізілген сауалнамалар сайлаушылардың басым бөлігінің саяси
ұйымдар мен олардың жұмыстары туралы мардымсыз білетіндігін
көрсетіп берді. Бұл жағдай қоғамдағы азаматтық белсенділіктің
төмендігімен, сонымен қатар партия лидерлерінің ұйымдастыру
жұмыстарының əлсіздігімен тікелей байланысты болатын. Дегенмен,
осыдан кейін орын алған елдегі жаңа сайлаулар кезінде саяси ұйымдар
мен азаматтардың саяси белсенділіктері шыңдала бастады. Мəселен,
1999 жылы өткізілген президент сайлауына дайындық кезінде бірнеше
жаңа партиялар мен қозғалыстар қоғамдық алаңға шықты. Олардың
қатарында «Əділ сайлаулар үшін», «Қазақстан — 2030» қозғалыстары,
«Азаматтық партия, «Аграрлық партия», «Отан» партиясы болған
болса, «Табиғат» экологиялық ұйымы өзінің саяси партияға
айналатындығын жариялады. 2003 жылы «Асар» партиясы құрылып,
бұл партия 2004 жылғы сайлауда Мəжілістен бірнеше орын алуға қол
жеткізді.
1999 жылғы сайлау нəтижесінде Парламент Мəжілісіне «Отан»,
Азаматтық, Аграрлық жəне Коммунистік партиялардың депутаттары
сайланды.
2004 жылы өткен келесі сайлау мынадай нəтижелерді көрсетті.
Сайланған 77 депутаттардың ішіндегі 59 депутат саяси партиялармен
ұсынылған болса, оның ішінде: «Отан» республикалық саяси партиясы
— 42, Азаматтық жəне Аграрлық партиялармен құрылған «АИСТ»
блогы — 11, «Асар» республикалық партиясы — 4, «Ақжол»
демократиялық партиясы — 1 жəне Қазақстанның демократиялық
партиясы — 1. Қалған 18 депутат өзін-өзі ұсыну жолымен сайланды.
2006 жылы «Отан» партиясының базасында жəне оған қосылған
«Асар», Азаматтық жəне Аграрлық партиялардың негізінде «Нұр
Отан» демократиялық саяси партиясының құрылуы — Қазақстанның
саяси алаңындағы елеулі оқиға болды. Ал келесі жылы «Нұр Отан»
партиясы қазақстандық парламентті толық өз қолына алды. 2007
жылғы сайлаулар нəтижесі бойынша Мəжіліске аталған партиядан 98
депутат өткен болса, қалған 9 депутат Қазақстан халқы
ассамблеясынан сайланды. Мəжіліс құрамы осының алдында орын
алған конституциялық өзгерістерге сəйкес, 107 депутатқа дейін
ұлғайтылған болатын.
Партиялық жүйелердің түрлері. Партиялық жүйе қоғамда қызмет
атқарып отырған барлық партияларды, сонымен қатар олардың
арасындағы өзара қатынасу нысандары мен қоғам өміріндегі рөлдерін
қамтиды. Партиялардың жағдайларының ерекшеліктері мемлекет
заңнамасымен, оның тарихи, ұлттық жəне діни ерекшеліктерімен
айқындалады. Партиялық жүйенің қалыптасуына қоғамның саяси
дамуы мен мəдени деңгейі де ықпал етеді.
Билікке ықпал ете алатын партиялар саны түрғысынан партиялық
жүйелердің келесідей түрлері бар:
— бірпартиялық, яғни мүнда бір партия қоғам өмірінің барлық
салаларына бірден-бір ықпал ете алады. Нақты айтқанда, партия мен
билік функцияларын ажырату тым қиын біртұтас бюрократиялық
организмге айналып кетеді. Кейде монопольдық сипаттағы билік
партиясын авангардттық партиялар деп те атайды, өйткені олар бүкіл
қоғамды өз артынан ертіп жүреді.
— екіпартиялық, яғни мүнда билікке бір-бірімен бəсекелес екі партия
күреседі. Əдетте, тек осы партиялар ғана президент лауазымына
кандидаттар үсынып, депутаттық мандаттарды алады. Бұл жүйе бір
тарап кезек-кезегімен жоғары көтеріліп отыратын əткеншекке ұқсайды
— көппартиялық, мұнда сайлаушылардың дауыстары үшін бірден көп
(кейде ондаған) партиялар бəсекеге түседі. Тұрғындар дауыстары
көптеген бөліктерге бөлінетіндіктен, бірде-бір күштің абсолютті
басымдыққа ие дауыс жинай алмай қалатын жағдайлар да жиі кездесіп
отырады. Мұндай жағдайда əртүрлі коалициялар құрылады, яғни
үкімет құрамына бір мезгілде бірнеше партиялардың өкілдері енеді.
Кейбір жағдайларда партиялардың нақты саны партиялық жүйенің
түріне сəйкес келмеуі мүмкін. Мəселен, бірпартиялық жүйеде ресми
режиммен күресетін заңсыз түрде жұмыс атқаратын партиялар өмір
сүре алады. Одан бөлек, бірпартиялық мемлекет ішінде не партия
ішінде басшылық етудің тоталитарлық немесе авторитарлық əдісінің
үстемдік етуін білдірмейтін жағдайлар да орын алып отырады. Тіпті,
АҚШ тарихында Азаматтық соғыстан кейін бірпартиялық жүйе өмір
сүрген кезеңдер болғанын айта кету керек. 1923 жылдан 1946 жылға
дейінгі аралықта Түркияда Мұстафа Кемал Ататүрік негізін қалаған
халықтық-республикалық партия қызмет атқарды. Қоспартиялық жүйе
жағдайында халық бұқарасы тарапынан ешқандай қолдау таппайтын
шағын партиялар да заңды түрде əрекет етеді. Ал ресми тұрғыдағы
көппартиялық жүйе бір ұйымның билікке монополиясын жасырып
тұрған бетперде болуы да мүмкін. Мəселен, бұрынғы социалистік
жолдағы Германия Демократиялық Республикасында билік басындағы
Германияның социалистік біртұтас партиясынан басқа, елде
мемлекетті басқару ісіне қандай да бір түрде шынайы қатыспаған үш
партия қызмет атқарды. Қытайда да бірнеше партиялар бар
болғанымен, бұл елдегі билік басындағы коммунистік партияның
орны мен рөлі конституциямен бекітілгендіктен басқа саяси күштер
қоғам өмірінде елеулі рөл ойнай алмайды.
Қазіргі күндегі беделді саясаттанушылардың бірі болып саналатын А.
Пшеворский «демократия — партиялар сайлауларда жеңіліске
ұшырап отыратын жүйе» деп жазды. Шынайы демократия
жағдайындағы саяси күресте уақытша жеңіске жетушіл ер мен жеңіл
іс табатындар болуы мүмкін. Ал Партиялардың сайлауларда жеңіске
жетуі жүйенің демократиялық екендігін білдірмейді: мəселен кешегі
күнге дейін социалистік Албанияда халықтық партия үлкен жеңістерге
қол жеткізіп келді. А.Пшеворский осы орайда, сайлаулар кезінде
жеңіліс табу əлеуметтік мін немесе қылмыс болып табылмайтын
жағдайда ғана демократиялық принциптер берік орнығады деп
көрсетеді.
Партиялардың саны партиялардың қызметтерінің мəні мен олардың
рөлдерін үнемі айқындай алмайтындықтан, партиялық жүйелерді көп
жағдайда саяси режимге байланысты демократиялық, авторитарлық
жəне тоталитарлық деп бөліп қарастырады.
Қоғамдық-саяси қозғалыстар. Қоғам өмірінде партиялардан басқа
қоғамдық-саяси қозғалыстар да маңызды рөлге ие. Біздің елімізде
өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында алғашқы қоғамдық
қозғалыстар пайда бола бастады. Олардың қатарында ең танымалдары
ретінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, «Азат» азаматтық
қозғалысы, «Лад» славян қозғалысы тəрізді үйымдарды көрсетуге
болады. Қозғалыстардың пайда болуы — саяси жəне қоғамдық
плюрализмнің (көзқарастар мен пікірлердің саналуандылығы)
дамуындағы бастапқы қадам. Саяси партиялардың көбінесе қозғалыс
негізінде қалыптасатыны да осыдан болса керек.
Қоғамдық қозғалыс — ортақ мақсаттарды іске асыру үшін құрылған
азаматтардың бұқаралық бірлестігі болып табылады. Осы орайда,
барлығымыз үшін экологиялық, ұлттық, əйелдер, жастар жəне тағы
басқа да қозғалыстар жақсы таныс.
Ғылымда қоғамдық қозғалыстарға қатысты бірнеше тəсілдер бар.
Əдетте, қоғамдық ұйым ұғымы мақсаттары мен міндеттері мен сол
бағытта өткізетін бұқаралық шаралары тұрғысынан бір-біріне жақын
келетін барлық ұйымдар мен одақтардың жиынтығын білдіреді.
Мұндай түсінікте, мəселен, жұмысшы қозғалысы ұғымымен
жұмысшылардың мүдделерін білдіретін барлық партиялар, ұйымдар
мен кəсіподақтармен қатар олардың мүдделерін қорғауға бағытталған
ереуілдер мен шерулерді айтуға болады. Əйелдер қозғалысы саясатта,
экономикада жəне отбасында əйелдерді кемсіту мен шеттетуді жоюды
мақсат ететін нəзік жандардың көптеген өкілдерін біріктіреді. Жастар
ұйымдары, өз кезегінде, жастардың білім алу, денсаулық сақтау,
демалу құқығын, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруды
қамтамасыз етудегі кең кепілдіктерді қолдайды. Қазіргі күндегі
заманауи қоғам өмірінде əртүрлі экологиялық ұйымдар белсенді рөл
атқарады. Олар қатерлі өндіріс орындарын жабу, экологиялық
бағдарламаларды қабылдау мен орындау тəрізді мақсаттар үшін күрес
жүргізеді.
Қозғалыс түсінігінің тағы бір мағынасы — көптеген қозғалыстар ұйым
түрінде құрылады. Бұл жағдайда қоғамдық қозғалыстар деп өз
мақсаттарына қол жеткізу үшін күрес жүргізетін нақты қоғамдық
ұйымдарды айтады. Мұндай қозғалыстар мемлекеттік органдарда
тіркеледі, саяси күрес жүргізеді, тұрғындарды өз қатарына саяси
партиялар тəрізді тартады. Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі
ерекшелігі:
— Бұқаралық сипат. Қозғалыстар құрамы тым əртүрлі жəне көптеген
таптар мен əлеуметтік топтарды қамтуы мүмкін.
— Нақты ұйымдасу құрылымының жоқтығы. Қозғалыстарда нақты
белгіленетін мүшелік болмайды. Олардың құрамына жеке азаматтар
да, сонымен қатар ұйымдар да кіре алады.
— Бір немесе бірнеше мақсаттар төңірегіне бірігу. Қозғалыстар өз
мүшелерінен барлық мəселелер бойынша идеологиялық жақындықты
талап етпейді. Əдетте, азаматтарды нақты мақсат біріктіреді, ал ол
мақсатқа қол жеткізу сол қозғалыстың ыдырауына немесе оның жаңа
ұрандармен қайта қүрылуына алып келуі мүмкін. Мəселен, 80
жылдардың аяқ кезінде ұлттық тəуелсіздік идеясы бұрынғы КСРО
республикаларының көптеген азаматтарын біріктірді. Осының
негізінде Латвия, Эстония, Грузия, Əзірбайжан, Белоруссия, Молдавия
елдерінде халық фронттары, ал Украинада «Рух», Литвада «Саодис»,
Арменияда армяндық жалпыұлттық қозғалыстар пайда болды. КСРО
қүрамындағы республикалардың осыдан кейін көп өтпей-ақ өз
тəуелсіздіктеріне қол жеткізуі, өз кезегінде, сол идея негізінде
құрылған саяси партиялар мен басқа да ұйымдардың ыдырауларына
алып келді. Ал, өздерін сақтап қалған қозғалыстар өз мақсаттары мен
міндеттерін өзгерте отырып өздерінің бұрынғы бұқаралық сипатынан
айырылды. Оларды тіпті жаңа ұйымдар деп те айтуға болады.
Жоғарыда аталған барлық нақты ұйымдар («Невада-Семей», «Азат»
жəне т.б.), өздерін тек осы мағынада қозғалыстар деп атайды. Олардың
партиялардан ерекшелігі — олар парламенттік орындар үшін жəне
үкіметті жасақтау құқығы үшін күресуді өздерінің алға қойған
мақсаттарына қол жеткізудегі басты əдісі деп санамайды. Сондықтан,
олар бұқаралық шаралар ұйымдастыру жолымен мемлекетке,
жергілікті билік органдарына ықпал етеді, олардың қандай
партияларға жататындығына қарамастан депутаттарды өз жағына
тартып жұмыстар жүргізеді. Солай болса да, бірқатар қозғалыстар
сайлау кампанияларына қатысады жəне онда біршама жақсы
нəтижелерге қол жеткізе алады. Мұндай ұйымдардың көпшілігі
өздерінің саясатқа араласпайтындықтарын жариялай отырып, өздеріне
жақын партиялар мен одақтарға қолдау білдіру жолымен саяси күреске
жанама түрде қатысады.
Қазіргі күнде Қазақстанның саяси өмірінде əртүрлі қоғамдық ұйымдар
мен қозғалыстар — партиялар, кəсіподақтар, əйелдер, жастар, діни
ұйымдары, клубтар, одақтар, ассоциациялар, құқық қорғаумен
айналысатын бірлестіктер жəне тағы басқа да көптеген ұйымдар
əрекет етеді.
Негізгі ұғымдар: саяси партия, жарғы, бағдарлама, электорат,
оңшылдар, солшылдар, центристер, экстремистік, радикалдық,
революциялық, реформаторлық, авангардттық партиялар, қоғамдық
қозғалыстар
Достарыңызбен бөлісу: |