Сағат саны:3
Тақырыптың негізгі жоспары1. Жеңіл атлетикада жүгірудің ерекшіліктері 2. Сөрелік әдіс. 3. Сөрелік екпін әдісі.
Дәріс тезисіЖүгіру техникасын үренуге қолайлы болу үшін спортшының қимылқозғалысын шартты түрде: сөреде тұру және сөрелік екпін алу, қашықтықта жүгіру және мәреге жету деп айырып қарастырады. Төменгі сөре қысқа қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Төменгі сөреге тұру үшін әркім өзінің жағдайына қарай колоткаға тұрады. Сөреден шыққан дененің еңкейген жағдайын сақтап қалады. Себебі, жылдамдық үдеуі өте жоғары боландықтан адам алдыға қарай құламайды.
Қысқа қашықтыққа жүгіргенде қолдың дұрыс қалыпта жұмыс жасауы үлкен маңызға ие. Олар жүгіру бағыты бойынша ырғақты түрде қимыл жасау қажет. Қолдың қозғалысы еркін, қол басы бос, саусақтар бүгілген болу керек. Екпін алу кезінде басты шапшаң көтеруге және денені тіктеп жазуға болмайды. Жүгір командасы бойынша алғашқы қозғалыс қимылға бар күшті салуға тура келеді. Жүгіріс алғашқы қадам жасалғаннан кейін емес, тек қана осы қимылдардан соң басталады. Сөре қалыптарынан екі аяқпен серпілу бір мезгілде қатар орындалады. Алғашқы қадамды жасайтын арттағы аяқ дене қозғалысын шапшаңдату үшін қысқа ғана адым жасауы керек, ол алдағы аяқ арттағы аяқтың сілтуі нәтижесінде және алдынғы қалыптан күшті серпілуі арқылы күш алуды аяқтай 13 отырып, қозғалысты «іліп алып» жалғастырып келеді. Жүгірушінің көзі шамалы ғана алға, жүгіру жолына бағытталады, тек 6-8 адымнан кейін ғана дене сәл тіктеле бастайды. 20-40 м-ге дейін тіктелуге болмайды
Жүгіру техникасын үйрету тәсілдері: есепті шешудің негізгі тәсілдері, жаттығу жасау кезіндегі қателіктер және оны түзету.
Толық және бөлшектеп оқыту түрлерi. Жүгiру техникасына үйрету кезiнде осы түрлердi қолдану. Түзу жолмен жүгiру, сөреден шығу, бұрылыспен, сөре екпiнiне, мәреден өту және мәреден өткен соң тоқтау техникасына үйрету. Дене мен бастың қалыпты жағдайы. Дем алу, оның түрлерi. Жүгiрушiнiң дем алу жаттығулары, оған үйрету. Жасына, жынысқа, жаттығу дәрежесiне байланысты оқыту әдiстемесiнiң ерекшелiктерi.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |