7 тақырып. Зерттеу жұмысында мәліметтерді талдау және сипаттау (2 сағат ) Тақырыптың негізгі сұрақтары: Мәліметтерді сипаттау.
Өзгерістерді сипаттау.
Байланыстарды анықтау.
Орташа шамаларды анықтау.
Мәліметтерді сипаттау барысында қолданылатын диаграмма түрлері: сызықтық, шеңберлі, бағандық, кестелі, шашыранды нүктелік, пиктограмма.
Әдістемелік нұсқау. Берілген тақырып бойынша студенттер материалдар жинақтап, жинақталған ақпараттарды тезис түрінде рәсімдейді. Тезисті әрбір студент жеке-жеке дайындайды. Тезис 3 беттің(А5 форматында) көлемінде жазылуы тиіс. Тезистің мазмұны келесідей талаптармен жазылуы қажет: тақырыптың мақсаты, міндеті, проблемалары көрсетіліп, оның шешу жолдары (тұжырымдар) ұсынылуы қажет. Соңында әдебиеттер тізімі берілуі шарт. Тезистің мәтінінде әдебиеттерге сілтеме жасалуы керек. Тезистің рәсімделу шарттары: титулдық бетте жұмыстың атауы, автор(-лар)дың аты-жөні, автор туралы қысқаша анықтама (студенттің тобы, курсы, автордың электрондық мекен-жайы) көрсетіледі. Осы талаптармен рәсімделген тезисті ZOOM платформасында баяндайды.