4. Тапсырма. Зерттеу тақырыбы бойынша материал және дереккөз жинау(конспект дайындау)
Әдістемелік нұсқау. Әрбір студент өзінің дипломдық жобасының тақырыбы бойынша жұмыстың материалдарын жинақтап конспект дайындайды. Ақпарат жинауды кітапханадан, өзге де электронды қорлардан бастаған дұрыс. Осы жерде басты ескерте кететін жағдай мынау: жазбалар жасау кезінде міндетті түрде дереккөз туралы ақпаратты жазып алу қажет, себебі кейін оны дәйексөз ретінде қолданасыз, немесе сілтеме жасайсыз, не басқаша түрде пайдаланасыз. Ол, әдетте, мынадай түрде жасалады: «Мұнай газ нарығындағы маркетингтік зерттеулердің ерекшелігі». Ж.К.Басшиева..Мұнай газ компанияларындағы маркетингтік технологиялар. Монография.–Ақтөбе,2020.31-б. Барлығы218 бет». Егер мұны жасамасаңыз, плагиатпен айналысқан боласыз. Жинаған материалдарыңызбен дәйектемелеріңізді конспект ретінде рәсімдейсіз. Дайындалған КОНСПЕКТІНІ оқытушының электрондық почтасына немесе УНИВЕР жүйесіне жүктейді.