7. Тапсырма.Жұмысты техникалық жағынан талапқа сай ресімдеу(есеп дайындау) Әдістемелік нұсқау. кез келген ғылыми жұмыс төрт міндетті бөліктен құралады, олар: титулдық бет; мазмұн; негізгі мәтін; библиография. Таңдалған диплом жобасының қысқа нұсқасын төрт бөлім бойынша рәсімдеңіз. Ғылыми жобаның мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағы - 30 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, оң жағы - 10 мм төменгі жағы – 20 мм. Пайдаланылған әдебиет, жұмыста төртбұрышты жақшаның [ ] ішінде беріледі.
Ғылыми жобаның беті және қосымшасы, ғылыми жоба құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет, бет саны төменгі жағында ортасынан қойылады. Суреттер (диаграммалар, кестелер) нөмірленуі және мазмұнына сәйкес аталуы қажет.
Диплом жобасының қысқаша рәсімделген форматын оқытушының электрондық почтасына немесе УНИВЕР жүйесіне жүктейді.