9. Тапсырма.Жұмысты ауызша қорғауға дайындау, презентация жасау
Дипломдық жобаның презентациясын дайындап оқытушының электрондық почтасына немесе УНИВЕР жүйесіне жүктейді. Презентация көлемі 20 бетті қамтуы тиіс. Презентацияда материалдар кестемен, диаграммалармен рәсімделуі қажет.
Әдебиет: (1,2,3,4,5,6, 7, 8, 9,10, 11)
9. МЕЖЕЛІКЖӘНЕ АРАЛЫҚБАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ 1. Ғылым сөзіне түсініктеме беріңіз
2. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін қажетті элементтерден тұрады, олар қалай аталады
3. Әдіс дегеніміз нені білдіреді
4. Ғылымның дамуындағы үш негізгі теориялық әдісі қалай аталады
5. Өзге біреулер шолу ретінде пайдалануы мүмкін жұмыстың немесе мақаланың қысқаша мазмұны дегеніміз нені білдіреді
6. Болжау әдісі нені білдіреді
7. Абстракциялау әдісі нені білдіреді
8. Жалпылау әдісі нені білдіреді
9. Индукция әдісі нені білдіреді
10. Дедукция әдісі нені білдіреді
11. Аналогия әдісі дегеніміз нені білідіреді
12. Классификация әдісі дегеніміз нені білдіреді
13. Салыстыру әдісі дегеніміз нені білдіреді
14. Салғастыру әдісі дегеніміз нені білдіреді
15. Зерттеліп отырған нысан жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі
17. Ғылыми құбылыстарды қазіргі заман тұрғысынан зерттеу әдісі
18. Ғылыми құбылыстардың тарихи тұрғыдан дамуын, өзгеруін зерттеу әдісі
19. Зерттеудің теориялық мәні қалай анықталады?
20. Зерттеудің өзектілігін негіздеу дегеніміз нені білдіреді
21. Зерттеу жұмысының кіріспесінде зерттеу мәселесін қысқа, нақты, түсінікті сөйлеммен беру қалай аталады?
22. Зерттеу нысанын мазмұндық тұрғыда ашуға көмектесетін және басты зерттеу болжамдарына апаратын жол болып табылатын
23. Сәтсіз құрылған тақырыпты анықтаңыз.
24. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тұжырымдар, ғылыми жаңалық, зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдістер, еңбектің теориялық және практикалық құндылығы, жұмыстың құрылымы жазылатын бөлім.
25. Зерттеудің негізгі бөлімінде айтылған ойлардың жиынтық тұжырымдары көрсетілетін бөлім.
26. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған, бұрын жарияланған немесе жарияланбаған мәтіндер дегеніміз нені білдіреді
27. Түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді
28. Өзгенің мәтіні сөзбе-сөз берілетін дәйексөз қалай жазылады
29. Өзге адамның идеялары мен сөздерін алып, өзінікі ретінде ұсыну қалай аталады?
30. Дереккөзге сілтеме жасамай, өзгенің идеясын пайдалану қалай аталады?
31. Сілтемедегі екінші сан нені білдіреді?
32. Сілтемедегі бірінші сан нені білдіреді?
33. Бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасасаңыз, оларды қандай тыныс белгімен ажыратасыз?
35. Зерттеу тақырыбы бойынша нақты жекелеген мәселелерді қамтитын, нәтижесі берілетін, автордың ғылыми басымдығы көрінетін жарияланымның бір түрі қалай аталады