1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет18/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

Бекіту сұрақтары:
1. Органикалық қосылыстардың қандай ерекшеліктері бар?
2. Органикалық қосылыстардың шикізат көздерін атаңыз
3. А.М.Бутлеров химиялық құрылысы теориясының қағидаларын атаңыз. 
Әдебиет
1.Органикалық химия кіші практикумы. Лабораториялық пратикум 5В011200-Химия\, 5В060600-Химия мамандығы студенттеріне арналған/ Құрастырғандар Сейітжанов Ә.Ф., Азымбаева Г.Т., Бейсекова А.А.-Алматы.-2016 ж.
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.

9.1.19 Тақырыбы:Аналитикалық химияға кіріспе


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Аналитикалық химия пәні, оның міндеттері.
2. Аналитикалық химияның қолданбалы мәселелері.
3. Талдау әдістерінің жіктелуі
4. Аналитикалық химияның Қазақстанда дамуы
Дәріс тезисі
Аналитикалық химия – заттардың химиялық, физикалық құрамын және бізді қоршаған орта мен материалдарды зерттейтін ғылым.
Аналитикалық химия затты құрайтын бөлшектер табиғатын және мөлшерін анықтай отырып, зат құрамы мен құрылымына сәйкес көрініс беретін заңдылықтардың орын алуын зерттейді.
Заттың химиялық құрамы дегеніміз заттың өзіне тән қасиеттерге ие белгілі құрылымдағы «бөлшектер»жиыны. Бөлшек – затты құрайтын жеке молекула, атом, ион немесе өзге элементар обьект. Жалпы, анализ ұғымы кез келген затты оны құрайтын бөліктерге жіктей отырып, оның табиғатын, мөлшерін анықтауды, оларға тән қасиеттерді салыстыру.
Аналитикалық химияның мақсаты оның теориялық негіздерін жан-жақты оқыту, элементтер мен олардың қосылыстарының агрегаттық күйін, құрылысын, құрамын, заттардың термиялық тұрақтылығын, оптикалық, электрохимиялық, магниттік қасиеттерін зерттеу. Сонымен қатар, химиялық реакциялардың жылдамдықтарына катализатордың және басқа әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу.
Аналитикалық химияның теориялық негіздері жаратылыстану ғылымының негізгі заңдары: заттың массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер заңы, Д.И.Менделеевтің периодтық заңы, А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясынан құралады.
Аналитикалық химия іс жүзінде барлық жаратылыстану ғылымдарының дамуына ықпалын тигізеді. Ол биология, биохимия, минерология, геология, геохимия, медицина т.б. ғылымда үшін қажет. Сандық анализ тәжірибе жүзінде үлкен орын алады. Синтездеу әдісімен алынған шикізаттың сапасы, өнеркәсіп өнімдерінің жарамды болуы, өндірістік технологияны бақылау, қоршаған орта, су-ауа тазалығын, экологиялық талаптардың сақталуын қадағалау және басқа да мәселелерді шешу мөлшерлік анализді қолдануды талап етеді.
Аналитикалық химия сапалық және сандық анализ болып екіге бөлінеді.
Сапалық талдау заттардың қандай элементтерден, иондардан тұратынын анықтайды. Сапалық талдаудың негізгі мәселесі заттардың химиялық құрамын анықтау, яғни анықталатын үлгідегі катиондар мен аниондарды табу болып табылады
Сандық талдау кезінде заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшері анықталады.
Заттардың құрамын зерттеген кезде алдымен оның қандай элементтерден не иондардан тұратынын, яғни сапасын анықтайды, сонан соң оның құрамындағы элементтердің не иондардың сандық мөлшерін табады.
Заттардың сапалық және мөлшерлік құрамын ол заттарға талдау жасау арқылы анықтайды. Халық шаруашылығындағы әртүрлі материалдар және өнімдердің сапасы олардың өздерінің сапалық және мөлшерлік құрамына өте байланысты болады. Бұлардың сапалық және мөлшерлік құрамын талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Бұдан басқа әртүрлі геологиялық зерттеулер, биологиялық зерттеулер, қоршаған ортаның жағдайларын бақылау және қорғау, ғылыми зерттеулерді дамыту жұмыстары әртүрлі объекттерді сапалық және мөлшерлік талдау жасау жұмыстарымен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген аналитикалық химия әдістерін жалпы үш топқа бөлуге болады: Химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістер:
Бекіту сұрақтары:

  1. Аналитикалық химия пәнінің міндеттері қандай?

  2. Аналитикалық химияның қолданбалы міселелрін атаңыз

  3. Талдау әдістері қалай жіктеледі?

  4. Қазақстанның аналитикалық химияға еңбнк сіңірген ғалымдарын атаңыз

Әдебиет

  1. К.А. Чекотаева , А.Н.Нұрғалиева. Аналитикалық химия. Оқу құралы. Қарағанды ЖК «АҚНҰР»баспасы. Қарағанды.-2019 ж.-262 б.

  2. Нурлыбаев И.Н., Иманғалиева Б.С.Аналитикалық химия: Оқу құралы.-Ақтөбе.-2009-326б.

  3. Құлажанов К.С., Сулейменова М.Ш., Иманбеков К.И. Аналитикалық химия. Алматы: ЖШС РСБК «Дәуір», 2011-256б

9.1.20 Тақырыбы:Қолданбалы химия


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Қолданбалы химия пәні
2.Энергетиканы химияландыру.
3. Материалдарды жасау мен оларды пайдаланудың химиялық негіздері.
4. Азық-түлік мәселелерін шешудің химиялық аспектілері;
5. Тұрмыстық сфераны химияландыру.
6. Химия медицинада


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет