1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет17/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

C, Н, О, Р, S, N сияқты бейметалдар тірі ағзалардың тіршілігінде маңызды орын алады. 
Сутек хлорсутекті, аммиакты, метил спиртін синтездеуге жұмсалады. Металлургияда сутек арқылы кейбір металдарды кендерден тотықсыздандырады. Тамақ өнеркәсібінде сұйық өсімдік майларына сутек қосу арқылы қатты майлар алады. Сутек оттекте жанған кезде бөлінетін жылуды металдарды пісіру немесе кесу үшін қолданады.
Оттек табиғатта ең көп тараған элемент. Жер қыртысы массасының 47,2% оттекетің үлесіне тиеді. Оттек табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де кездеседі. Бос күйінде ол ауада болады. Ауада көлемі жөнінен 21% немесе массасы жөнінен 23% оттек болады. Қосылыс күйінде оттек судың 88,8%, толып жатқан минералдардың SiO2. CaCO3. CaSO4*2H2O, NaNO3 құрамында, өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде 60-70% болады. Табиғаттағы оттек үш түрлі изотоптан тұрады: 8О16, 8О17 , 8О18
Оттек түссіз, иіссіз, дәмсіз гаэ. Оттектің 1литр массасы 1,43гр. Ауамен салыстырғандағы тығыздығы 1,1. 200 температурада 1көлем суда 0,03көлем оттек ериді. Оттек атмосфералық қысымда және -1830С –та сұйыққа айналады. Сұйық оттек көкшіл түсті болады. -2100С – та оттек қар тәрізді қатты күйге айналады.
Азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау температурасы – 1960С, қату температурасы -2100С. 200С- та бір көлем суда 0,0154 көлем азот ериді. Азот молекуласында атомдар өзара үш байланыс арқылы қосылған. Сондықтан ол үш байланысты үзіп молекуланы атомдарға ыдырату үшін өте көп энергия жұмсалады. Химиялық активтігі төмендігі жөнінен азот инертті газдардан кейін орын алады. Оның себебі атомдардың арасындағы үш байланыстың өте беріктігімен түсіндіруге болады.
Кәдімгі температурада азот тек литиймен ғана әрекеттесіп литий нитридін түзеді:
6Lі + N2 = 2Lі3N
Бекіту сұрақтары
1.Бейметалдарға ортақ қасиеттері қандай?
2. Бейметалдардың периодтық жүйедегі орнына байланысты қасиеттерінің өзгеруін түсіндіріңіз
3. Галогендердің химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері қандай?
4. Бейметалдардың маңызды қосылыстары қай салада қолданылады?
5. Сутек пен оттектің қолданылу салалрын атаңыз
Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.18 Тақырыбы: Органикалық химияға кіріспе


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Органикалық химиян пәні, міндеттері

  2. Органикалық қосылыстардың ерекше қасиеттері

  3. А.М.Бутлеров химиялық құрылысы теориясы 

  4. Органикалық заттардың шикізат көздері 

Дәріс тезисі
Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар:
-органикалық қосылыстарда көміртек атомдары өзара жалғасып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек құра алады. Сонымен қатар көміртек атомдары бірімен-бірі түзу тізбекті, тармақты, тұйықталған цикл түзіп те байланыса алады.
-тізбек құрамындағы көміртек атомдарының саны әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар көміртек атомдары өзара жай (дара) және еселі (қос, үш) байланыстар арқылы байланысады.
Органикалық қосылыстар санының өте көп болуы көміртек атомының осы ерекше қасиеттеріне байланысты.
Органикалық қосылыстар — қарапайым метаннан бастап, өте күрделі белоктар мен нуклеин қышқылдарына дейін құрамдары әр түрлі болады.
Органикалық қосылыстардың табиғатын Александр Михайлович Бутлеров 1861 жылы негізін қалаған органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы түсіндірді. Ол теорияның негізгі қағидалары мыналар:
1. Органикалық зат молекуласындағы атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттіктеріне сай белгілі бір ретпен байланысады.А.М.Бутлеров молекуладағы атомдардың байланысу ретін заттың химиялық құрылысы деп атады.
2. Заттың қасиеті оның молекуласының құрамына қандай атомдардың қанша мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болуымен қатар молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретінде де тәуелді болады.
Молекуладағы атомдардың байланысу реті көрсетілген химиялық формула құрылымдық формула немесе құрылыс формуласы деп аталады. Зат молекуласының құрылысын осы заттың өзіне ғана тән жалғыз құрылымдық формуласы арқылы өрнектеуге болады.
3. Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің химиялық қасиетіне әсер етеді. Бір-бірімен тікелей байланысқан атомдар мен атом топтарының өзара әсерлері күштірек болады.
4. Заттың қасиеті арқылы оның молекуласының құрылысын анықтауға және керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың қасиетін болжауға болады
Табиғи органикалық заттар:
-табиғи газ, негізінен метаннан тұрады, дайын күйінде пайдаланылады және әр түрлі органикалық заттар алу үшін шикізат ретінде қолданылады.
- мұнай - органикалық заттардың күрделі қоспасы.Мұнайды өңдеп, бензин, керосин және басқа жанармайлар, жағармайлар алады. Сонымен қатар мұнай маңызды органикалық шикізат болып табылады.
- тас көмір отын ретінде қолданылады және одан көптеген органикалық заттар алынады.
- битумды және жанғыш тақтатастарды өңдеу арқылы бензин және басқа отындар, майлар, битум, тұрмыстық газ, т.б. заттар алынады.
- шымтезектен қаныққан көмірсутектер, органикалық қышқылдар, фенол, т.б. органикалық заттар алынады.
- целлюлоза, негізінен, мақта талшығы мен ағаш сүрегінің құрамында болады. Целлюлозадан жасанды талшықтар, қағаз, спирт, эфирлер және эфир майларын алады.
- ауыл шаруашылығы өнімдері мен олардың қалдықтарынан крахмал, сахароза, глюкоза, витаминдер және басқа өнімдер алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет