Элементтер мен олардың қосылыстарын жүйелік химия курсында оқытудың негізгі ұстанымдары



бет1/5
Дата29.11.2022
өлшемі77,76 Kb.
#160232
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Нурахметова Д. Химияны оқыту әдістемесі





РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:


Элементтер мен олардың қосылыстарын
жүйелік химия курсында оқытудың
негізгі ұстанымдары
Жоспары:

  1. Химиялық элементтерді оқып, үйренудің әдістемелік негіздері.

  2. Ғалогендер топшасып оқып, үйрену.

  3. Оттегі, азот және көміртегі топшаларын оқып, уйрену.

  4. Металдарды оқыту әдістемесі

  5. Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту.

Химиялық элементтерді оқып, үйренудің әдістемелік негіздері.
Орта мектептегі химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білім құрайды. Оқушыларды химиялық элементтермен таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға қарай жылжитын аса маңызды негіздері қолданылады. Осы негіздерге сәйкес элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезенде жүзеге асады:
1) жеке элемент және оның қосылыстарымен таныстыру;
2) элементтердің табиғи топтары жөнінде ұғым қалыптастыру;
3) периодтық заң және периодтық жүйені оқыту;
4) периодты заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қарастыру;
5) химиялық элементтер туралы білімді жинақтап қорыту.
Алғашқы химиялық ұғымдардан кейін жеке элементтерден оттегі және сутегі индукциялық тәсілмен өтіледі. Бұл элементтер кең таралған, қосылыстары оқушыларға табиғаттану, биология және физика курстарынан жақсы таныс. Оқушыларға оттегінің ауада кездесетіні, орғанизмдер тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл ғазын шығаратыны, өсімдіктердің фотосинтезі кезінде көмірқышқыл ғазын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратыны, оттегінің алынуы, жануды қолдайтыны және физикалық қасиеттері белгілі.
Мұның бәрі оттегінің жай зат тұріндегі қасиеттері. Оқушылардың осы білетіндеріне қосымша оттегі жай затының молекуласы оттек элементінің екі атомынан тұзетін, элементтің химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, қосылыстардағы валенттілігі, табиғатта таралуы түсіндіріледі. Ауаның, судың жер қыртысының құрамында, тірі орғанизмдердің денесінде болатыны айтылады, күрделі заттар айырылғанда алынатыны, тотығу реакциясына қатысып, оксидтер тұзетіні талданады. Қасиетіне қарай жасанды тыныс алатын жерлерде (ғарышта, су астында, медицинада), жануды күшейтуді қажет ететін өнеркәсіпте (металлургияда, химия заводтарында), пиротехникада қолданылуы сызбанұсқа тұрінде көрсетіледі.
Сөйтіп химиялық элементен алғашқы таныстыру мына жоспар бойынша жүзеге асырылады:
а) химиялық таңбасы және салыстырмалы атомдық массасы;
ә) табиғатта кездесуі;
б) бос күйінде алынуы;
в) жай затының қасиеттері;
г) маңызды химиялық қосылысының құрамы және қасиеттері;
ғ) қосылыстарындағы валенттілігі;
д) халық шаруашылығындағы маңызы.
Осы жоспарға сәйкес оттегі мен сутегінің элементтері оқылып, олар тұзетін маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздер туралы білім беріледі. Бұл білім элементтерді оқып-үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.
Екінші кезеңде өзара өте ұқсас химиялық элементтердің үш тобы — ғалогендер, сілтілік металдар және инертті ғаздар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игеруге нақтылы әзірлік жасалады.
Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін ұштастыратын жалпы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылған химиялық элементтер арасындағы көлбеу, тік және қиғаш байланыстардың мәнін түсінеді. Элементтердің периодқа, қатарға, топқа және топшаға орналасуының негіздерін, әрқайсысының ерекшеліктерін игереді. Химиялық элементтерді ашу және жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында периодтық заңның ашылғанын біледі. Табиғаттың ұлы заңын ашу үшін танымдық ой-өрісі кең, сіңісіп кеткен кертартпа пікірлерге батыл қарсы шығатын ғалым керек болғанын, Д.И.Менделеевтің осы талаптарға сай келгенін түсінетін дәрежеге көтеріледі. Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң, сондай — ақ периодтық жүйе химиялық элементтерді және оларды оқып-үйренудің теориялық негізіне айналады.
Төртінші кезеңде 8-9 сыныптарда топ және топшалар бойынша оқылады. Алдымен III — IV негізгі топшаларда орналасқан бейметалдар, содан соң металдардың жалпы қасиеттері, I — III негізгі топшаның металдары, соңында қосымша топшаларда орналасқан металдар өтіледі.
Элементтерді оқып-үйрену дедуктивтік сипат алады. Топтың, содан кейін топшаның сипаттамасы талданып, солардың негізінде жеке элементтер қарастырылады. Қисынды тәсілдердің талдау және біріктіру, салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу, т.б. маңызы артады.
Химиялық элементтер тұзетін қосылыстардың көп тұрлілігі, олардың құрылысы мен қасиеттерінің, қасиеттері мен қолданылуының арасындағы себеп-салдар байланыстары, элементтер қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінде санның сапаға ауысуы нақтылы мысалдармен көрсетіледі.
Химиялық эксперименталдық танымдық мәні күшейеді. Эксперименттің алуан тұрлері, жеке тәжірибелер окушылардың өздері жасаған жорамалдарын сынау үшін қойылады.
Периодтық заң және периодтық жүйе өтілгеннен кейін элементтерді және олардың қосылыстарын оқып, үйренудің жоспары өзгереді.

  1. Элементтің периодтық жүйедегі орнын сипаттау: химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдык массасы, рет нөмірі, периоды, тобы және топшасы.

  2. Атомының құрылысы: сызбанұсқа сызу, атом құрылысының электрондық және графикалық формулаларын жазу. Элемент атомының тотығу дәрежелерін анықтау.

3. Элементтің ашылу тарихы.

  • Элемент тұзетін жай затының құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы, табиғатта кездесуі.

  • Элемент тұзетін химиялық қосылыстардың құрамы, тұрлері, қасиеттері, қолданылуы.

6. Элементтің табиғатта таралуы.
Бұл жоспар элементтерді топшалары бойынша оқып, үйренгенде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет