Элементтер мен олардың қосылыстарын жүйелік химия курсында оқытудың негізгі ұстанымдары



бет2/5
Дата29.11.2022
өлшемі77,76 Kb.
#160232
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Нурахметова Д. Химияны оқыту әдістемесі

Ғалогендер топшасып оқып, үйрену.
Ғалогендер топшасын оқып, үйренудің екі ерекшелігі бар.
Біріншіден, ғалогендердің табиғи тобы периодтық заң және периодтық жүйені өтер алдында қарастырылып, физикалық, сондай-ақ химиялық қасиеттеріндегі, маңызды қосылыстарының құрамы мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары және айырмашылықтары анықталған болатын. Хлорсутек, тұз қышқылының қасиеттері және тұздары оқушыларға белгілі.
Екінші ерекшелігі — бұл периодтық заңдылық пен зат құрылысы теорияларының негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы. Сондықтан периодтық заң мен атом құрылысынын заңдылықтары оқушылардың таным әрекетін жандандыру үшін барынша толық пайдаланылады, оқушылардың өздігінен істейтін тәжірибелік жұмыстарына жол ашылады.
Оқушылар ғалогендердің жалпы сипаттамаларымен өздігінен істейтін жұмыстар аркылы танысады. Оқушыларға үш тапсырма беріледі.
1-тапсырма. Ғалогендердің салыстырмалы сипаттамаларын мына улгі бойынша кесте тұрінде жазыңыздар: 1) электртерістілігінің кемуі бойынша химиялық таңбалары (F, CI, Br, I); 2) салыстырмалы атомдық массалары; 3) атом күрылысының электрондық және графикалық формулалары; 4) атом құрылысындағы: а) ұксастықтары; ә) айырмашылықтары; 5) жай заттарының электрондық формулалары және химиялық байланыстарының тұрі; 6) кристалл торларының тұрі; 7) агреғаттық күйі.
Кестені талдау арқылы ғалогендердің ұқсастығы электрондық құрылысының, әсіресе сыртқы энергетикалық деңгейлерінің бірдейлігімен, ал айырмашылығы валенттілік электрондарының ядродан алыстауымен түсіндіріледі. Жай заттар молекулаларындағы химиялық байланыстың тұрлерін, кристалл торларының типін салыстырып, физикалық касиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтардың беті ашылады, ол үшін окулықтағы және арнайы дайындалған кестелер пайдаланылады.
2-тапсырма. Ғалогендердің сутекті қосылыстарын сипаттайтын кесте толтырыңыздар: 1) химиялық формуласы; 2) электрондық формуласы; 3) химиялық байланыстың тұрі; 4) тұрақтылығы; 5) кристалл торының тұрі. Кесте толтырута қажетті мэліметтерді оқушылар оқулықты өздігінен оқу арқылы іздеп табады. Әңгімелесу арқылы жүмыстың корытындысын шығарғанда химиялық байланыс тұзетін электрон бұлттарының пішініне, тұзілу сызбанұсқасын сыздыруға, байланыстың сипатына, фторсутегінен иодсутегіне қарай тұрақтылығының кему себебіне назар аударылады.
Ғалогендердің оттекті қосылыстарын сипаттайтын кесте жазудың қажеті шамалы. Ғалогендердің бәрі периодтық жүйедегі орнына сәйкес жоғарғы оң тотығу дәрежесін көрсетпейтіні анықтап өтіледі. Жалпы заңдылыққа сәйкес оқушылардың Ғ207 деген формула жазатыны жиі кездеседі. Сондықтан электртерістілігі ең күшті элемент фтордың минус бірден өзге тотығу дәрежесін білдірмейтіні баса айтылып, оттегімен қосылысының формуласы ОҒ2 екеніне көңіл бөлінеді.
Ғалогендердің химиялық қасиеттерін талдағанда, жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық табиғаты жөнінде алғашқы түсінік беріледі, электрондық баланс теңдеулері жазылады. Бұл арада фосфордың хлорда жануын оқушыларға бұрыннан таныс оттегінде жануымен салыстырып, электрондық жағынан алғанда бұлардың бір-біріне ұқсас процесс екені түсіндіріледі. Басқа да бейметалдармен және металдармен әрекеттескенде ғалогендер атомдарының тотықтырғыш қасиет көрсетіп, өздерінің тотықсызданатыны айтылады.
Жалпы сипаттамадан кейін ғалогендердің ішінен хлор элементі және оның қосылыстары толық қарастырылады. Мұның мәнісі хлор косылыстары табиғатта кең таралған, халық шаруашылығының тұрлі салаларында, медицинада және тұрмыста жиі қолданылады, көпшілігі оқушыларға бүрыннан белгілі.
Жалпы заңдылықтар тұрғысынан басқа ғалогендермен салыстыра отырып хлор атомының және молекуласының құрылысы, алынуы, жай және күрделі заттармен әрекеттесуі талқыланады. Сумен әрекеттесуінің ерекшелігі және маңызы, бұл реакцияда хлор атомының екі жақты қасиеттер көрсететіні электрондық баланс теңдеуін талқылау арқылы нақты түсіндіріледі.
Хлордың химиялық қосылыстарынан хлорсутек және тұз қышқылы айрықша қарастырылады. Бұл қосылысты өтумен байланысты ғаздардың мольдік көлемі, Авоғадро заңы, ғаздардың салыстырмалы тығыздығы туралы жаңа ұғымдар беріледі.
Сан есептерінің жаңа тұрлері енгізіледі:
1) химиялық тендеулер бойынша ғаздардың көлем қатынастарын табу;
2) реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың берілген мөлшері бойынша көлемін табу;
3) ғаздардың салыстырмалы тығыздығын есептеу.
Бұл есептеулер оқушылардың химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары жөніндегі білімін кеңейтеді.
Оқушылар тұз қышқылын және оның тұздарын анықтаудың сапалық реакциясымен, ғалогендердің тотыктырғыш касиеттерінің салыстырмалы сипаттамасымен танысады, хлоридтерді, бромидтерді және иодидтерді ажыратып, тануға байланысты эксперимент есептерін шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет