Сабақтың нөмірі: 20 Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі49,07 Kb.
#95284
түріСабақ
Байланысты:
9 сынып оқушы парағы 19.11.2020


Химия пәні бойынша 9 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IІ тоқсан
Сабақтың нөмірі: 20
Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары

  1. Мақсаты:

9.2.2.5 -тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
9.2.2.6 -тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну

  1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Бізге белгілі реакция типтерінің(қосылу,айырылу,орынбасу,алмасу) реакцияларының қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциясына жататынын анықтайық:
1. 2Mg0 + O20 → 2Mg+2O-2
2. 2Hg+2O-2 → 2Hg0 + O20

  1. 2Na0 + H2+1O-2 → Na+1O-2H+1 + H20

  2. Na+1O-2H-1 + H+1Cl-1 → Na+1Cl-1 + H2+1O-2

Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеніміз-элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакцияларды айтамыз.
Тотығу дегеніміз атомдардың, молекулалардың немесе иондардың электрондарды беру үрдісі.
Тотықсыздану дегеніміз молекулалардың, атомдардың немесе иондардың электронды қосып алу процесі
Электрондарын беретін атомдар, молекулалар және иондар тотықсыздандырғыштар деп аталады. Реакция барысында өзі тотығады.
Электрондарды қосып алатын молекулалар, атомдар және иондар тотықтырғыш деп аталады және реакция барысында олар тотықсызданады.


Тотығу-тотықсыздандырғыш реакциялары табиғатта және өндірісте кең таралған. Табиғатта бұл фотосинтез, тыныс алу, ашыту, ыдырау.
Өнеркәсіпте олар металдарды, тыңайтқыштарды өндіру үшін қолданылады. Күнделікті өмірде жанармайды жағу, темірдің тозуы және т.б.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
Оқулық беттері:72-77 бет,Мектеп баспасы,9 сынып

  1. https://www.youtube.com/watch?v=4nIVu66URKo

  2. https://www.youtube.com/watch?v=8D3BYVY1KSg

  3. https://www.youtube.com/watch?v=-T-z8_OOrDM

  4. https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/totyhu-totyqsyzdanu-reakcziyalary-ehlektroximiya/lesson/totyhu-totyqsyzdanu-reakcziyalary

3. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
1-тапсырма Cұрақтарға жауап жазыныз

  1. Сутектің тотығу дәрежесін жаз

  2. Оттектің тотығу дәрежесі нешеге тең?

  3. Тотығу дәрежесі 0-ге тең болатын заттарды жаз

  4. Тотығу-тотықсыздану реакциялары деп қандай реакцияларды атаймыз?

  5. Тотығу дегеніміз қандай үрдіс?

  6. Тотықсыздану дегеніміз қандай үрдіс ?

2 тапсырма
а. SO2 оксидіндегі және Na3Р қосылысының элементтерінің тотығу дәрежесін анықтаңыз
в . Азот атомдарының тотығу дәрежесін арттыру бойынша қосылыстардың формулаларын орналастырыңыз:
1. NaNO3, 2. NO2, 3. NH3, 4. N2O.
3 тапсырма Тотығу дәрежелерін есептеңіз:

а) H2, Cl2, Al0;


б) CaF2, CH4, NH3
в) K2Cr2O7, KMnO4, K2 MnO4 Cr2(SO4)3;

4 тапсырма: Тотығу және тотықсыздану процестерін анықтаңыздар:


A) Ca+2+2e→Ca0
B) Mn+2−4e→Mn+6
C) Cu0−e→Cu+1
D) N+1−3e→N+4
Е) Cu+1−e−→Cu+2
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет