Дәрілік заттарды сырттай қолдану
әдістері:сүрту,мазьді жағу
Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану
олардың белгілі бір жеріне әсер етуге
негізделген. Зақымданбаған терінің
сіңіру
қабілеті өте төмен
; заттарды тек май
бездерінің шығару өзектері , май – ерігіш және
шаш фолликулалары арқылы сіңіреді. Дәрі
жағу таза теріге таза аспаптармен және
мұқият жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын
майды негізінен тері ауруларына қолданады.
Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын
майды екі бүктелген зарарсызданған
салфеткаға жағады да, ауыратын жерге
салады.
Салфетканың үстіне шағын түрде
қабаттап мақта төсейді. Егер май
компрессі қажет болса, онда
мақтаның астына компрестік қағаз
салады да, бинттеп тастайды. Кейде
тереңде жатқан тканға сіңіру үшін
майды теріге жағуға тура келеді. Ол
үшін терінің
сол жерін сабындап жуып
,
содан соң алақанға қажетті мөлшерде
май салып ол сіңгенше сыланады.
Майды белгілі бір дене аймағына 30-40
мин-тай мұқият жағылады. Дененің
түкті жерлеріне жағуға болмайды:
егер осындай қажеттілік туса онда
түгін қырып тастау керек.
Уқалап сипау үшін жылы дәрі-дәрмек
заттың шағын мөлшерін алақанға
құяды да, алақаны құрғап, терісі
қызарғанша ысқылайды. Кейде теріге
сырқат көңілін басқаға бұру ретінде
йод тұнбасын жағуды қолданып
отырады . Ол үшін ағаш немесе темір
стерженьге домалақтанған мақта орап ,
содан кейін оны 5 спиртке жасалған
йодқа батырып , теріге бірнеше рет
жағады . Майламастан бұрын
шишадағы бар йодты бүлдірмеу үшін
шамалы малады. Процедурадан соң
қалған йодты төгіп мақтаны лақтырып
тастайды немесе жағып жібереді.
Орындағаг:Даярдиева
Әсемгуль
Достарыңызбен бөлісу: |