Бөлім тақырыбы: Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым химиялық формула



бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі415,5 Kb.
#170590
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
8-сабақ.Валенттілік.Химиялық формула

Бөлім тақырыбы: Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым химиялық формула.

  • Сабақтың тақырыбы: Валенттілік. Химиялық формулалар. Формула бойынша қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массаларын есептеу.

Оқу мақсаты: 7.1.2.11- химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құрастыруды білу 7.1.2.12-химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

  • Сабақтың мақсаты:
  • Валенттіліктер арқылы химиялық элементтердің формуласын құрастыру
  • Химиялық формулалар мен атомдық массалар арқылы заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеуді үйрену.

Бүгінгі сабақта: Сіздің білетініңіз: • Химиялық формула құрастыруды, химиялық қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеуді үйренесің жене де индекс, коэффициент, валенттілік ұғымдарымен танысасың. Сіздің меңгеретініңіз: валенттілік бойынша бинарлы қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру; химиялық қосылыстың формуласы бойынша оның салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

  • Бағалау критерийі
  • Заттарды құрамындағы молекула саны бойынша химиялық формуласын жазады.
  • Қосылыстар құрамындағы элементтің валенттілігін анықтайды.
  • Валенттілігі бойынша қосылыстың формуласын құрады.
  • Химиялық қосылыстардың салыстырмалы атомдық массасын есептейді

Химиялық формулалар. Валенттілік. Салыстырмалы молекулалық масса

  • Элементтердің таңбалары əліппенің әріптері тәрізді. Әріптерден сөз құрауға болатыны секілді элементтердің таңбаларын қолданып кез келген молекуланың құрамын өрнектеуге болады. Химиялық формула -заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу. Химиялық элемент таңбасы оның бір атомын көрсетеді. Химиялық формулалар заттың сапалық және сандық құрамын көрсетеді, сандық құрамы индекстер аркылы белгіленеді (бір саны жазылмайды). Индекс химиялық элемент таңбасының оң жағында төменгі тұсында жазылады. Жай заттар үшін элементтің таңбасы - формуласы да болады: Ғе, Cu, Ag, О, Н және т.с.с Мысалы, Н20 судың формуласы, су молекуласы сутек пен оттек элементтерінен (сапалык құрамы) және сутектің екі атомы мен оттектің бір атомынан (сандық құрамы) тұратынын көрсетеді. Формуланың алдындағы коэффициенттер молекулалар санын көрсетеді. Мысалы, 5S02 Р205, 2Na20 т.б. Химиялық формулаларды заттың құрамы туралы мәліметтерге сүйеніп табады. Дегенмен химиялық формула құрғанда көбіне химиялық элементтердің валенттіліктері ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет