Сабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, зертханалық жұмыс
Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш , тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Күтілетін нәтиже: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап,реакция теңдеулерін жазып,реакция типтерін ажырата біледі.
САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. «Қызығушылықты ояту»
1. « Миға шабуыл»
1.Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)
3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз
4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?
2. « Семантикалық карта»
|
Қосылу реакция
сы
|
Айырылу реакция
сы
|
Орын
басу реакция
сы
|
Алмасу
реакци
ясы
|
Экзо
Термия
лық реак
ция
|
Эндо
Термия
лық реак
ция
|
Са + О2 = 2СаО
|
+
|
|
|
|
|
|
Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2
|
|
|
+
|
|
|
|
CaCO3 = CaO + CO2 - Q
|
|
+
|
|
|
|
+
|
HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q
|
|
|
|
+
|
+
|
|
2H 2O = 2H2 + O2 - Q
|
|
+
|
|
|
|
+
|
2H2 + O2 = 2H 2O + Q
|
+
|
|
|
|
+
|
|
ІІІ. «Мағнаны тану»
«Мені тап»
Мен судың арғы тегімін,
Серігімін оттек атты серінің.
Ежелден ең жеңіл газбын,
Оттекке қарағанда азбын.
1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,
Ғаламшарда 92 пайызбын.
Бармын газбен көмір,мұнайда,
Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)
Бүгінгі сабақтың тақырыбы (тақтамен, дәптермен жұмыс)
Химиялық таңбасы : Н , Ar ( Н ) = 1,008 м.а.б.
Н2 , Mr (Н2) = 2 м.а.б.
Н2 ↑, и , т, суда АЕ (100Vсуда - 2V Н2 ериді).
Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы- Н2О
Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.
Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.
Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.
Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:
Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі
Достарыңызбен бөлісу: |