Сутектің ашылуы
▪Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС ашқан.
▪1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап,басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.
▪Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.
Генри Кавендиш Антуан Лавуазье
Өнеркәсіпте алынуы:
Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.
2H 2O = 2H2 + O2
CH4 + 2H2O = CO2 + 4H2 -165 кДж
Зертханада алынуы:
Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады. Ол – сутек газы.
Сутек газының бөлінгенін дәлелдеу үшін сутек жиналған сынауықты жанып тұрған спиртшамға жақындатса «пах» деген дыбыс шығарады.
Zn + H 2SO4 = ZnSO4 + H2 ↑
Zn + 2 HСІ = ZnСІ2 + H2 ↑
Белсенді ме. + қышқыл = тұз + сутек
5. Са + 2 Н2О = Са ( ОН )2 + Н2↑
6. 2Nа + 2 Н2О = 2 Nа ОН + Н2↑
Белсенді ме. + су = тұз + сутек
Зертханада сутекті жинау әдістері:
( оттегін жинау әдісімен салыстыру)
Ауаны ығыстыру арқылы Суды ығыстыру арқылы
Сутегін зертханада алуға арналған құрал - Кипп аппараты
ІҮ. «Ой толғаныс»
Оқулықтың 207 бетіндегі лабораториялық тәжірибе
«Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу» (дәптерге орындау)
Әр оқушының алдына ойықшалар беріліп ішіне мырыш түйіршіктері салынады. Үстіне (өте сақ болу! ) күкірт немесе тұз қышқылдары тамшуырмен құйылады. Бөлініп жатқан газ көпіршіктерін көзбен көреді.Бөлініп жатқан газды сынауыққа жинап жанып тұрған спиртшамға апарып сутек екендігін дәлелдеу.
А.Тақтадан сәйкес теңдеулерін табады.
ә. Неге сутекті сынауықты төмен қаратып жинайды?
Б.сутек толған сынауықты жалынға жақындатқанда не байқадыңдар?
В. Сутектің жану теңдеуін жазыңдар.
2H2 + O2 = 2H 2O - Q
2. Төрт шар әртүрлі газдармен толтырылған. Қай шарда сутек газы бар?
3.Қай суретте сутек газын алу әдісі дұрыс берілген?
4. Тест тапсырмалары:
1.Сутектің химиялық таңбасы:
а) Н ә) Не б) Cu в) Si
2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?
а)25% ә)32% б)24% в)92%
3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?
а) Ломоносов ә) Менделеев б) Кавендиш в) Лавуазье
4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:
а)түтінді газ ә)су тудырушы б)қопарғыш газ в)су тасушы
5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:
а)Электр тоғы арқылы ә)белсенді металдан
б)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |