«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы» АҚ АО «Южно-Казахстанская фармацевтическая академия» Морфологиялық пәндер кафедрасы Пән: Гистология негіздері Тақырыбы: Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы. Орындаған: Абдуллаев А.Б. Тобы: 102 «А» ЖМ Қабылдаған: Кожамкулова П.Р. Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы
Қазақстан Республикасында гистологияның дамуы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
«Гистология» сөзінің мағынасы грек тілінен аударғанда ұлпалар туралы ілім деген мағынаны береді. Бұл ғылмның негізін қалаушы француздың анатом-дәрігері М.Ф.Биш болып саналады, ал ол терминді ғылымға енгізген1819ж неміс ғалымы К.Майер болатын.
Гистология – жануарлар мен адам ағзасындағы ұлпалардың микроскопиялық және субмикроскомиялық құрылысы, олардың дамуы мен тіршілік әрекеті туралы ғылым.
Гистологияның негізгі міндеті адам мен жануарлар клеткаларының, ұлпалрының, мүшелерінің құрылымын зерттеу, әртүрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды және де олардың даму заңдылықтарын зерттеу.
ІІ. Негізгі бөлім
Гистология, эмбриология және гистологияның даму тарихы
Ұлпалық элементтердің мөлшерлерінің ұсақ болатындығын ескерсек, гистология ғылымының жеке ғылым болып дамуы ХІХғ 20жылдарынан бастап қарқынды дамыды. Алайда сол кезеңге дейін бұл ғылым едәуір жетістікке жетке еді.
Аристотель, Авицена, К.Голен, Г.Фаллопий микроскоптың шығуына дейін де құнды мәліметтер қалырған болатын. Бұл ғалымдар жануар мүшелерінің түсі, тығыздығы мен басқада ерекшеліктеріне зер салып, олардың айырмашылықтары туралы айтқан болатын
ХVІІғ микроскоптың дүниеге келуі мүшелердің нәзік құрылымдық деңгейін ашуға алғашқы бастамалар болды. Алғашқы микроскопшылар Р.Гук, Н.Грю, М.Мальпиги, А.Левенгук кейбір ірі клеткаларды, қан тамырларын, нервтерді көрген, бірақ бұл бақылаулар жүйесіз болды да сол кездегі анатомиямен байланыстырылмады. Бұл кезеңнің аса құнды еңбегінде алғаш рет «ұлпа» сөзі қолданылған.
Р.Гук
А.Левенгук
М.Мальпиги Н.Грю
ХІХғ алғашқы кезеңдерде М.Биштің «Физиология мен медицинаға қосымша жалпы анатомия» атты еңбегі әйгілі болды. 1819ж неміс ғалымы К.Мейер ұлпа терминін қолданысқа енгізген кітабы «Гистология және адам ұлпасының жаңа бөлімдері туралы» жарық көрді. 1822ж неміс ғалымы К.Гейзенгердің «Гистология жүйесі» атты монографиялық туындысы жарық көрді.
Гистологияның қарқынды дамуы ХІХғ 30жылдары басталды. Бұл кезеңде Гистологияның әдістемелік негізі1839ж біржола қалыптастырған Т.Шван болды. Пуркинье, Ремарк, Генгле, Шван секілді ғалымдар бұл кезеңдерде танымал болды. Ф.Лейдиг пен А.Келликер ұлпаны 4 топқа осы уақытта бөлді
Я.Пуркинье Ф.Лейдиг А.Келликер
ХІХғ аяғы мен ХХғ бас кезеңдері де гистология ғылымы үшін жемісті болды. Ұлпаларды түрлеріне қарай зерттей бастады. Жасушалардың көбею процестері мен жасуша органеллаларының едәуір бөлігі ашылды. Мечниковтың еңбегі гистологияның патологиялық түріне жол ашты. О. Гервигтің «Клеткалар мен ұлпалар» атты еңбегі құнды болды.
И.Мечников К.Гольджи Уотсон мен Крик О.Гервиг
Қазақстан Республикасында гистологияның дамуы
Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталалды.
А.В.Кирилличеваның қатысуымен адам ұрпағының дамуының патологиясын зерттеу жүргізілді. 1971-1980жж қазақ гистологиясының негізгі бағыттары Д витамині жетіспеушілігін зерттеу болды. Қазақ гистологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар:
Академиктер: Б.А.Домбровский, Т.Масенов,Ф.Мухаммедгалиев т.б
Профессорлар: М.Х.Нурышев, Ф.Халилов, И.Чагиров және т.б болды
Т.Масенов
ІІІ. Қорытынды
Гистология – жануарлар мен адам ағзасындағы ұлпалардың микроскопиялық және субмикроскомиялық құрылысы, олардың дамуы мен тіршілік әрекеті туралы ғылым.
Гистологияның негізгі міндеті адам мен жануарлар клеткаларының, ұлпалрының, мүшелерінің құрылымын зерттеу, әртүрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды және де олардың даму заңдылықтарын зерттеу.
Бұл ғылмның негізін қалаушы француздың анатом-дәрігері М.Ф.Биш болып саналады, ал ол терминді ғылымға енгізген1819ж неміс ғалымы К.Майер болатын. Гистология ғылымы тікелей анатомия және физиология ғылымдарымен байланыста болады
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нуртазин С.Т. Жалпы гистология Алматы 2011ж
Ж.О.Аяпова Цитология,эмбриология және гистология Алматы 2009ж
Нұрышев М. Гистология және эмбриология негіздері Алматы 2007ж