Жоспар :
I.
Кіріспе
II.
Негізгі бөлім
1. Гистология, цитология,
эмбриологияның дамуы.
2.
Гистологияның дамуына
микроскопиялық зерттеу әдісінің
жетілуі.
3.
Шет елдерде гистологияның
дамуы.
4. Қазақстанда гистологияның
дамуы.
III. Қорытынды
IV. Қолдалынған әдебиеттер.
Гистологияның даму
тарихы
Гистология — (грек. hіstos – тін және logos – ілім) – адамның
және көп клеткалы жануарлардың тіндерін зерттейтін
ғылым. Гистологияның міндеті – тін эволюциясын анықтау,
оның организмде дамуын (гистогенез), химиялық
қасиеттерін (гистохимия), клеткаларының құрылысын,
атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу.
Жеке ғылым саласы болып
Гистология 19
ғ-дың басында
микроскоппен зерттеудің
дамуына байланысты
қалыптасты. . «Гистология»
терминін ғылымға неміс ғалымы
К.Майер енгізген (1819ж.).
Жалпы Гистология – тіннің дамуын, құрылысын және
атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология – адам және
көп клеткалы жануарлар органдарының микроскопиялық
құрылымын зерттейді. Кейде бұны «микроскопиялық
анатомия» деп те атайды.