Лекция жоспары: Цитология клетка туралы ғылым Клетканы зерттеудің тәсілдері Клетканың алуан түрлілігі



бет1/16
Дата06.01.2022
өлшемі203,84 Kb.
#109997
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2 апта ботаника


Лекция № 2

(21. 09 – 26.09. 2020 ж.)

Тақырып: Өсімдік клеткасы. Клетканың компоненттері.
Лекция жоспары:
1.Цитология – клетка туралы ғылым

2. Клетканы зерттеудің тәсілдері

3. Клетканың алуан түрлілігі

4. Клетканың компоненттері. Цитоплазма оргоноидтары.


1.Цитология – клетка туралы ғылым

Цитология — клетканың микроскопиялық және субмикроскопиялық структурасы және тіршілік әрекеті жөніндегі ғылым.

Алғашқы рет клетканы бузинаның жабындық ұлпасын тозды зерттеу барысында ағылшын жаратылыс зерттеушісі Р.Гук көрген. Ол 1609 ж. Г.Галилей ойлап тапқан микроскопты жетілдіріп, оны өсімдіктердің оргаңца-рының жүқа кесінділерін зерттеуге пайдаланған. Өзінің зерттеулерінің нәтижесін Р.Гук 1965 ж. жарық көрген “Микрография” деген шығармасында толық баяндаған және осы еңбегінде ол алғашқы рет “клетка” деген ұғымды қолданған. Тоз қабаты тек қабықшалары ғана болатын, өлі клеткалардан тұратын болғандықтан, клетканың тіршілік-әрекеті негізінен оның қабықшасына байланысты болады деген қате пікір қалыптасқан. Ол кезде клетка ішілік заттарға онша көп көңіл бөлінбеген. Оларды “қоректік шырын” немесе “өсімдік кілегейлері” деп қараған.

Тек XIX ғасырда ғана клетка ішілік заттарға зерттеушілер көңіл аудара бастады. Бұл кезге дейін крахмал дәндері, кристалдар, хлоропластар, клетканың тағы басқа бөліктері белгілі болған еді. Біртіндеп микроскопиялық техника жетіле түсті, жаңа эксперименттік материалдар жинақтала бастады. 1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны, ал 1839 ж. Чехия физиологі Я.Пуркинье - цитоплазманы ашты. Клетканың осы компоненттеріне атау беру мүмкіндігіне де сол кісілер ие болды. Өсімдіктер мен жануарлардың клеткалық қүрылысы туралы зерттеушілер жинақтаған көптеген фактілер неміс ғалымдары ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванға у 1838—1839 жж. клеткалық теорияны ашуга мүмкіндік берді. Бұл теорияның мәні мынада, клетка барлық тірі организмдердің — өсімдіктердің де жануарлардың да негізгі қарапайым структуралық бірлігі болып табылады. Клеткалык теория өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің, қүрылысының және эволюциясының бір екендігін дәлел-деп берді. Ф.Энгельс клеткалық теорияны энергияның сак-талу заңымен және Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы-мен қатар XIX ғасырдағы жаратылыстану саласындағы үш үлкен жаңалықтьщ біріне жатқызған. XIX ғасырдың екінші жартысында жаңа ғылыми жаңалык ашылды. Олар клеткалық теорияны байыта түсті. Аса жоғарғы дәлдікпен жүргізілген эксперименттік зерттеулердің негізінде клет-каның бөлінетіндігі анықталды (И.Д.Чистякованың, Э.Страстбургердің және басқалардың жұмыстары), сөйтіп клетканың клеткасыз заттардан өздігінен пайда болады де-ген көзқарасты түгелдей жоққа шығарды. Клеткалардың цитоплазмалық мембраналар арқылы бір-бірімен байла-ныста болатындығы айқындалғаннан кейін (Э.Руссовтың, И.Н.Горожанкиннің және т.б. жұмыстары) барып организм-нің тұтастығы дәлелденді. XIX ғасырдың аяғында цитология жеке ғылым ретінде түпкілікті қалыптасты. Оптикалық микроскоптың базасында клетканың негізгі компоненттерінің барлығы зерттелді. Олардың атқаратын қы зметтері жөнінде көптеген мәліметтер жинақталды. Цитологияның одан арғы дамуы электронды микроскопты ойлап табумен тікелей байла-нысты. Биологияда электронды микроскопты XX ғасыр-дың ортасында пайдалана бастады. Электронды микроскоптын көмегімен клетканың белгілі компоненттерінің струк-турасының бөліктерін көріп қана қоймай, сонымен бірге олардьщ бұрын белгісіз болып келген жақтарын да ашудың мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта цитология биологияның ең жақсы жетіліп келе жатқан саласының бірі. Оның алдында клет-каның компоненттерінің структурасының детальдарын, түқымқуалаушылық қасиеттерін, қорғаныштық бейімделушілігін (иммунитетін) сыртқы ортаның факторларының әсеріне байланысты болатын өзгерістерді және т.б. зерттеу міндетгері тұр. Цитологияның жаңа салаларының (физио-логияның, биохимияның, клетканың компоненттерінің физико-химиясының) дамуы табиғаттың тағы бір қүпия сырын, тіршіліктің өзінің мәнін ашуға мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет