2.1 STANDARD ПАРАҒЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ. МӘТІНДІК АҚПАРАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ КОМПОНЕНТТЕРІ. СЫЗЫҚТЫҚ ПРОГРАММА
Дельфидің Standard парағында программа құруға ең қажетті Windows-ке арналған стандартты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер палитрасы орналасқан.
Сурет 14. Standard парағы
STANDARD парағының құрамына келесі компоненттер кіреді:
Frame –Жиектері бар форма тәрізді аумақ, басқа компоненттердің контейнері ретінде қолданылады
MainMenu - негізгі меню жүйесі
PopurMenu – жанама немесе контекстік меню
Label - жазба. Ол компонентке шағын мәтін шығару
мақсатында қолданылады.
Edit – 1 жолды мәтіндік өріс
Memo – көпжолды мәтіндік өріс
Button – қарапайым батырма
CheckBox – тәуелсіз ауыстырып- қосқыш
RadioButton – тәуелді ауыстырып- қосқыш
ListBox – тізім
ComboBox – тізімдік өріс
ScrollBar – айналдыру жолағы
GroupBox – элементтер тобы
RadioGroup – тәуелді ауыстырып- қосқыштар тобы
Panel – тақташа
ActionList - әрекеттер тізімі
Бір жолды мәтіндік ақпараттарды енгізу, шығару және редакциялау үшін Edit компоненті қолданылады. Оның негізгі қасиеті- Text.
Қолданушы программаның орындалу барысында өзгертуге болмайтын мәтіндік ақпаратты шығару үшін Label компоненті қолданылады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Caption.
Бұл компоненттерді қолдану мысалдарын қарастырайық.
Мысал4: Байтпен енгізілген ақпарат мөлшерін одан үлкен өлшем бірлік Кбайт, Мбайт және Гбайтқа айналдыратын қосымша жасаңдар. (15- сурет)
Сурет 15. Жоба интерфейсі
Нәтижені шығаратын батырма коды төмендегіше болады:
Достарыңызбен бөлісу: |