Программа құруға ең қажетті Windows-ке арналған стандартты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер палитрасы орналасқан


ТАҢДАУ ОПЕРАТОРЫ. COMBOBOX ЖӘНЕ LISTBOX ТІЗІМДІК ӨРІС КОМПОНЕНТТЕРІ



бет7/11
Дата13.05.2020
өлшемі0,58 Mb.
#67603
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
C Builder
Сандық адис 15 апта Булбул, Документ Microsoft Office Word
2.3 ТАҢДАУ ОПЕРАТОРЫ. COMBOBOX ЖӘНЕ LISTBOX ТІЗІМДІК ӨРІС КОМПОНЕНТТЕРІ

Таңдау операторы бірнеше әрекеттің ішінен таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау операторының құрылымы:

Case <өрнек> of

<таңдау тізімі> [else <оператор>]

end;


Деректер массивін, деректер тізімін түрлендіру үшін Delphi- де екі компонент қолданылады: ListBox және ComboBox.

ListBox компоненті

Бұл компонент арқылы деректер тізімі толтырылады және тізімнен элемент (пункт) таңдауға болады. Егер тізім терезеге симаса, автоматты түрде айналдыру жолағы шығады. Тізімге элементті 2 түрде енгізуге болады:

1. Тікелей енгізу



Ол үшін ListBox компонентін ерекшелеп, Объект инспекторындағы Items қасиетінің оң жағындағы үш нүктелі батырманы шерту керек. Нәтижеде экранға Редактор списка строк терезесі шығады. (35- сурет). Бұл терезеде қажетті тізімді теру керек.



Сурет 25. ListBox компонентінің тізім теру терезесі

 

2. Программалық жолмен енгізу



Ол үшін компоненттің Add (қосу) әдісі қолданылады.

Жалпы түрі:

ListBox1.Items.Add(‘1- элемент’);

ListBox1.Items.Add(‘2- элемент’);

...

ListBox1.Items.Add(‘n- элемент’);



Мысалы:

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin

ListBox1.Items.Add(‘Информатика’);



ListBox1.Items.Add(‘Физика’);

ListBox1.Items.Add(‘Математика’);

end;

ListBox компонентіндегі тізімнен таңдалған элементтің индексі ItemIndex қасиеті арқылы көрсетіледі. Тізімдегі элемент 0-ден бастап бүтін сандармен нөмірленеді. Егер ешқандай элемент таңдалмаса, онда ItemIndex қасиетінің мәні -1-ге тең болады.



ComboBox компоненті

ComboBox компоненті ListBox компоненті сияқты тізімдік өрісте тізім нұсқаларын шығарады. Мұнда тізім нұсқалары батырманы басқанда төмен қарай ашылатын терезе түрінде болады. Ол формада орын үнемдеуді жүзеге асырады. Тізімге элемент қосу ListBox компонентіндегідей 2 жолмен жүзеге асырылады.

Мысалы: ComboBox1.Items.Add(‘1- элемент’);

ComboBox1.Items.Add(‘2- элемент’);



...

ComboBox1.Items.Add(‘n- элемент’);



ComboBox компонентінде де таңдалған элемент позициясы (орын, индексі) ItemIndex қасиеті арқылы анықталады.



Сурет 26. ListBox және ComboBox компоненттерінің интерфейсі

 

Мысал12. Паскаль тіліндегі бүтін типтердің аты жазылған тізімнен таңдалған типке сәйкес қабылдайтын мәндер аралығын шығаратын қосымша жасаңдар.





Сурет 27. ListBox компонентін қолдану жобасының интерфейсі

Шешуі:


procedure TForm1.ListBox1Click(Sender: TObject);

begin


case listBox1.ItemIndex of

0:edit1.Text:='[0..255]';

1:edit1.Text:='[-128..127]';

2:edit1.Text:='[-32768..32767]';

3:edit1.Text:='[-2147483648..-2147483647]';

4:edit1.Text:='[0..65535]'; end;



end;

Төмендегі суретте қосымшаның орындалу нәтижесі көрсетілген.





Сурет 28. Жобаның орындалу интерфейсі

Мысал13. Әр елдің аты жазылған тізімнен, таңдалған мәнге байланысты сол елге сәйкес ақша бірлігінің атауын шығаратын қосымша жасаңдар.





Сурет 29. Жоба интерфейсі

Программа коды:



procedure TForm1.ListBox1Click(Sender: TObject);

begin

Case listbox1.ItemIndex of

0:edit1.Text:='Фунт';

1,2,5,6,10:edit1.Text:='Евро';

3:edit1.Text:='Рупий';

4:edit1.Text:='Крон';

7:edit1.Text:='Юан';

8:edit1.Text:='Туглик';

9:edit1.Text:='Доллар';

11:edit1.Text:='Франк';

12:edit1.Text:='Йен';

end;

end;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет