2.2 ШАРТТЫ ОПЕРАТОР. ТӘУЕЛДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ АЙЫРЫП- ҚОСҚЫШ КОМПОНЕНТТЕРІ
Object Pascal программалау тіліндегі шартты оператордың жазылу форматы Турбо Паскальдағы шартты командаға ұқсас. Оның форматы:
If <шарт> Then <1-оператор> Else<2-оператор>
Мысалы: If (x>=0) and (x<5) then y:=x*x else y:=1/x;
Мысал9. [1,20] аралығынан кездейсоқ берілген үш санның нешеуі жұп екенін анықтайтын қосымша жасаңдар. (22-сурет)
Сурет 22. Жоба терезесі
Шешуі: “Толтыру” және ”Есептеу” батырмасының кодтары төмендегіше болады:
var n: integer;
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
randomize;
Edit1.Text:=inttostr(random(20));
Edit2.Text:=inttostr(random(20));
Edit3.Text:=inttostr(random(20));
end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
begin
n:=0;
if strtoint(Edit1.Text) mod 2=0 then inc(n);
if strtoint(Edit2.Text) mod 2=0 then inc(n);
if strtoint(Edit3.Text) mod 2=0 then inc(n);
edit4.Text:=inttostr(n);
end;
Delphi тілінде берілген бірнеше пункттен біреуін немесе бірнешеуін таңдауға мүмкіндік беретін айырып- қосқыштар қолданылады.
RadioButton компоненті қызметі басқа батырмалардың қызметімен байланысты болатын тәуелді батырма болып табылады. Жеке бір радиобатырманың мағынасы жоқ, олар топта бір- бірімен байланысты қолданылады. Біреуі таңдалғанда, екіншісі автоматты түрде айырылады.
Компонент қасиеттерін қарастырайық.
Caption қасиеті батырма жанында шығатын жазудан тұрады. Alignment қасиеті жазудың батырманың қай жағынан шығатынын анықтайды. Оның мәндері: taLeftJustify- сол жақтан, taRightJustify- оң жақтан (қалыпты жағдайда). Checked қасиеті бұл батырманың қолданушы арқылы таңдалғанын немесе таңдалмағанын көрсетеді. Оның мәні true болса, батырма таңдалған, false болса- таңдалмаған.
CheckBox компоненті жалаушалы индикатор немесе басқаларға тәуелсіз ауыстырып- қосқыш батырма болып табылады. Ол қосымшада қолданушы қандай да бір опцияны қосу немесеайыру үшін қолданылады. Бұл компоненттің қасиеттері де RadioButton компонентіндей.
Мысал10. Тестілеу программасын жасаңдар. (23- сурет)
Сурет 23. Тестілеу программасының интерфейсі
Шешуі: Батырма кодтары:
var k,n,s :integer;
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
{“Ok” батырмасының коды }
Достарыңызбен бөлісу: |