Программалау Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата29.09.2022
өлшемі309,47 Kb.
#151191
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лабораторная работа №3 на КАЗ
Вдоль домов и тротуаров


3 Зертханалық жұмыс №3. Циклдік құрылым алгоритмдерін 
программалау 
Жұмыстың мақсаты
- Java тілінде циклдік құрылым алгоритмдерін 
программалау ерекшеліктерімен танысу. 
3.1 Циклдік құрылым алгоритмдері. Циклдік операторлар.
Бірдей әрекеттер тізбегін бірнеше рет орындауды қамтамасыз ететін 
алгоритм циклдік құрылым алгоритмі деп аталады, ал бұл реттілік цикл деп 
аталады. Циклдік алгоритм программаның көлемін едәуір азайтады. Java 
тілінде үш типтегі циклдік операторлары қолданылады: шартты алдын-ала 
тексеретін, шартты соңында тексеретін циклдік алгоритм және параметрлі 
циклдік оператор. 
Цикл операторлары 
Циклдің негізгі операторы - while операторы-келесідей жазылады: 
while (логикалық өрнегі) оператор1; 
Алдымен логикалық өрнегі есептеледі, яғни шарт тексеріледі. Егер 
оның мәні true (ақиқат) болса, онда цикл құратын оператор орындалады. 
Содан кейін қайтадан логикалық өрнегі есептеледі және false мәні алынғанша 
оператор жұмыс істейді. Егер логикалық өрнек бастапқыда жалған (false) 
болса, онда циклдік оператор бірде-бір рет орындалмайды. Циклдің 
орындалу жағдайын алдын-ала тексеру циклдің қауіпсіздігін қамтамасыз 
етеді, толып кетуді, нөлге бөлуді және басқа да қиындықтарды болдырмайды. 
Сондықтан while операторы негізгі, ал кейбір тілдерде циклдің жалғыз 
операторы болып табылады. 
Циклдегі оператор бос болуы мүмкін, мысалы, келесі фрагмент коды: 
int i = 0;
double s = 0.0; 
while ((s += 1.0 / ++i) < 10); 
i қосу санын, гармоникалық s қосындысы 10 мәніне жеткенше 
есептейді. Бұл стиль с тіліне тән. Программа мәтінін шифрға айналдырмас 
үшін осы оператормен мұқият жұмыс жасаған жөн. Сіз бірнеше аптадан 
кейін осы операторлардың не істеп жатқанын түсінуге тырысып, 
таңданыспен қарайтын боласыз. Шексіз циклды ұйымдастыруға да болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет