Үшінші циклдік операторы — for операторы. For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы,
соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе
бірнеше операторларды қайталап орындау
кезінде қолданылады. Бұл
оператор параметрлі цикл операторы немесе арифметикалық цикл деп
аталады.
Параметрлі циклдің орындалу схемасы:
For цикл операторының жалпы жазылу түрі: for (x=x0; x<=xk; x=x+dx) { <1-оператор>; <2-оператор>; . . . } ; Мұнда
x=x0 – цикл айнымалысының бастапқы мәні,
x<=xk - циклдің
орындалу шарты,
x=x+dx – цикл айнымалысының қадамы.
x=x0 цикл
операторы орындаларда бір рет есептеледі,
x<=xk ақиқат болса немесе 0-ге
тең болмаса, цикл тұлғасы ретіндегі
операторлар атқарылады. Содан соң
x=x+dx есептеледі және
x<=xk мәні қайта анықталады.
x<=xk мәні жалған
болса немесе жалпы жағдайда ол 0-ге тең болса,
for операторының жұмысы
аяқталады. Сонымен цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе
орындалмауы оның атқарылуы алдында анықталады.
For цикл операторындағы жақша ішіндегі соңғы өрнек ре- тінде жалпы
дұрыс жазылған кез келген өрнекті пайдалануға бо- лады.
Мысалы:
for (d=0.1; d<50; d*=5) printf("%f",d); For цикл операторындағы жақша ішіндегі бір немесе бірне-
ше өрнектерді жазбауға да болады, бірақ мұндайда
; символын
міндетті түрде өз орындарына жазып отыру керек, мысалы: