Бақылау сұрақтары
1.
Алғы шартты цикл операторының
орындалу схемасы мен оның
жазылуы.
2.
while цикл операторының ішкі тұлғасы бір де бір рет орындалмауы
мүмкін бе?
3.
while цикл операторының шарты қатынас таңбаларысыз жазыла
ма?
4.
while цикл операторы қай кезде шексіз циклге айналады?
5.
while цикл операторының тұлғасында оның шартына әсер
ететін
өрнектер жазыла ма?
6.
Соңғы шартты do … while циклінің орындалу схемасы мен
жазылуы.
7.
do … while цикл операторының
ішкі тұлғасы бір де бір рет
орындалмауы мүмкін бе?
8.
do … while цикл операторының шартында қатынас таңбасы
болмаса, оның ақиқат немесе жалған екенін қалай анықтауға болады?
9.
do … while цикл операторының ішкі
тұлғасында шартсыз көшу
операторын қолдануға бола ма?
10.
Параметрлі циклдің орындалу схемасы мен жазылуы.
11.
Параметрлі
циклде
"модификатор"
блогын
пайдалану
ерекшеліктері.
12.
Параметрлі цикл бір де бір рет орындалмауы мүмкін бе?
13.
for операторының параметрі қандай типтерде бола алады?
14.
for операторы параметрінің алғашқы мәні оның соңғы мәнінен
кіші бола ма?
15.
Параметрлі цикл операторының
неше рет қайталанатынын
алдын ала білуге бола ма, болса – ол қалай анықталады?
16.
for цикл операторындағы жақша ішіндегі бір немесе бірнеше
өрнектерді жазбауға бола ма?
17.
for цикл операторы нүктелі үтірмен аяқтала ала ма?
18.
for цикл операторында қай кезде
құрама операторлар қолданы-
лады?
19.
for цикл операторы қай кезде шексіз циклге айналады?
20.
for цикл операторында бірнеше құрама өрнектерді үтір арқылы
қалай жазуға болады?
21.
Қабаттаса орналасқан циклдерді пайдаланудың ерекшеліктері.
22.
goto операторы қай кездерде қолданылады?
23.
Белгі дегеніміз не?
24.
break операторы цикл соңына көшіре ала ма? Неге?
25.
Циклдің келесі қадамына көшу операторының жұмысы. Ол
қай
кездерде пайдаланылады?