БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Object Pascal тіліндегі таңдау командасының жазылу форматы?
2. Таңдау командасы қалай орындалады?
3. ListBox және ComboBox компоненттері қандай қызмет атқарады?
4. Бұл екі компоненттің ұқсастығы мен айырмашылығы?
5. Компоненттердің Items қасиетінің қызметі?
6. Компоненттердің ItemIndex қасиетінің қызметі және қабылдайтын мәндері?
ЖАТТЫҒУЛАР:
Delphi ОБП тілі ортасында орындаңдар.
1. Туылған күн датасын енгізіп, оған сәйкес жұлдызнама белгісін шығаратын қосымша жасаңдар.
2. Combobox компонентінде геометриялық фигуралар аттары жазылған: шеңбер, квадрат, дұрыс үшбұрыш. Edit мәтіндік өрісіне енгізілген мәнге сәйкес таңдалған фигураның ауданын табатын қосымша жасаңдар.
3. Таңдау командасын қолданып, арифметикалық амалдарды орындайтын “Арифмометр” қосымшасын жасаңдар. 4 амалды орындайтын кодты “=” таңбасы бар батырмаға жазыңдар.
4. Таңдалған аудан аттары бойынша сол ауданда орналасқан мектеп нөмірлерін шығарыңдар. Мысалы: 4- ықшамаудан: №41, №28 мектеп
5. Программалау тілдерінің атауы жазылған тізімнен сол тілдің шыққан жылын шығарыңдар. Мысалы: Паскаль: 1971 ж.
6. Таңдалған мамандық атауына сәйкес олар оқитын арнайы пәндер атауларын шығарыңдар. Мысалы: Информатика: программалау тілі, деректер қоймасының теориясы, сандық әдістер
7. ComboBox компонентін қолданып, Edit мәтіндік өрісіндегі мәтіннің шри фт атын, өлшемін, түсін, стилін, өзгертетін жоба жасаңдар (30- сурет)
Сурет 30. Мәтін параметрін өзгерту жобасы
2. Бір ComboBox компонентін ай аттарымен, екіншісін күн датасымен толтырыңдар. Таңдалған күн және айға сәйкес Жұлдызнама белгісінің атын шығаратын жоба жасаңдар. (31- сурет)
Сурет 31. Жұлдызнама жобасы
Достарыңызбен бөлісу: |