Программа құруға ең қажетті Windows-ке арналған стандартты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер палитрасы орналасқан


procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject)



бет2/11
Дата13.05.2020
өлшемі0,58 Mb.
#67603
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
C Builder
Сандық адис 15 апта Булбул, Документ Microsoft Office Word
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

edit2.Text:=FloatToStr(StrToFloat(edit1.Text)/1024);

edit3.Text:=FloatToStr(StrToFloat(edit2.Text)/1024);

edit4.Text:=FloatToStr(StrToFloat(edit3.Text)/1024);

end;

Мысал5: Шеңбердің ұзындығы берілген. Бұл шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын табыңдар.





Сурет 16. Жоба интерфейсі

Шешуі:

var s:string;

Form1: TForm1;

implementation

{$R *.dfm}

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

s:= FloatToStr(StrToFloat(edit1.Text)*StrToFloat(edit1.Text)/(4*pi));

ShowMessage('Дөңгелек ауданы='+ s);

end;

end.



Сурет 17. Жобаның орындалу интерфейсі

 



Сурет 18. Жобаның орындалу нәтижесі

 

17,18- суреттерде қосымшаны орындату нәтижесі көрсетілген.



Delphi- де деректерді енгізу мен шығаруды компонент көмегімен емес, енгізу және шығару терезесі арқылы жүзеге асыруға болады.

1. Деректерді енгізу

Деректерді енгізуді енгізу терезесі арқылы жүзеге асыруға болады.

Енгізу терезесі- ол InputBox() функциясының нәтижесінде шақырылатын стандарт сұқбат терезесі болып табылады. Бұл функцияның мәні қолданушы енгізген жол болып табылады.

Функцияның жалпы түрі:

айнымалы:=InputBox(‘тақырып’,’түсініктеме’,’мән’);

Мұндағы:


айнымалы- қолданушы енгізген String типті айнымалы мәні

тақырып- енгізу терезесінің тақырып мәтіні

түсініктеме- түсіндіру хабарламасының мәтіні

мән- енгізу терезесі экранға шыққанда енгізу өрісіне шығатын символ

 

Мысал6: Байтпен берілген ақпарат мөлшерін килобайтқа айналдыратын жоба жасаңдар.



Батырмаға жазылған код төмендегіше болады.

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var s:string;

begin

s:=InputBox('Байт- килобайт','Ақпарат мәнін байтпен енгіз','0');

label1.caption:=floatTostr(strTofloat(s)/1024);

end;

Жобаны орындату нәтижесінде экранға төмендегідей енгізу терезесі шығады да, мән беріп, ОК батырмасын шерткенде енгізілген ақпарат мөлшерінің Кб-пен өрнектелген нәтижесі label1 компонентінде бейнеленеді.





Сурет 19. Енгізу терезесі

 

Мысал7: Берілген х нақты мән үшін  функциясының мәнін есептейтін жоба жасаңдар. х мәнін InputBox() функциясының терезесінде енгізіп, нәтижені ShowMessage() процедурасын қолданып шығарыңдар.



 

Procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

Var x,y:real; S:string;

begin

s:=InputBox(‘у- енгіз’,’х=’,’0’);

x:=StrToFloat(s);

y:=(3*x+5)/3;

ShowMessage(FloatToStr(y));

end.

 

Жобаны орындату нәтижесінде төмендегі терезе шығады. Егер х- ке 4,8 мәні енгізілсе ,онда нәтижеде у- тің мәні 6,46666- ге тең болады.





Сурет 20. InputBox() функциясының терезесі



Сурет 21. ShowMessage() процедурасының терезесі

 

2. Нәтижені шығару

Нәтижені шығару үшін ShowMessage() процедурасы және MessageDlg() функциясы қолданылады.

ShowMessage процедурасы экранға мәтін және ОК командалық батырмасы бар шағын терезе шығарады.

Процедураның жазылуының жалпы түрі:

ShowMessage(‘Хабарлама’);

Мысалы: ShowMessage(‘Берілген шаманы енгіз’);

Бұл терезенің тақырыбы қалыпты жағдайда Project болады. Оны өзгерту үшін меню қатарынан Project\Options\Application|Title командасы орындалады.

Нәтижені шығарудың неғұрлым күрделі функциясы болып MessageDlg() функциясы саналады. Ол арқылы хабарламамен қатар стандарт белгіше шығаруға болады.

Функцияның жазылуының жалпы түрі:

нәтиже:= MessageDlg(‘хабарлама’,’тип’,батырма, анықтама контексі);

Мұндағы:


тип- хабарлама типі. Хабарлама ақпаратты, ескертпелі, немесе критикалық қате туралы болуы мүмкін. Оның әр түріне белгілі бір белгіше және тұрақты сәйкес келеді. MessageDlg() функциясының хабарлама типінің қабылдайтын мәндері төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1. MessageDlg() функциясының хабарлама типі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет