Сабақ тақырыбы: Жобаның интерфейсі Сабақ негізделген оқу мақсаты



Дата13.12.2021
өлшемі5,58 Mb.
#125675
түріСабақ
Байланысты:
қмж инф





Сабақ:

Мектеп: Қараой мектеп-балабақшасы

Пәні: Информатика

Күні: 19.01.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Іңкәр Бекежанқызы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жобаның интерфейсі

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

7.4.1.1- жасалатын жобаның интерфейсін құру талаптарын орындау


Сабақ мақсаттары

  • Lazarus программалау ортасының интерфейсін біледі.

  • Бағдарламаны іске қосады, тереземен жұмыс істей алады.

  • Өз қажеттіліктеріне керекті бағдарламаны жасай алады.

Бағалау критерийі

  • Бағдарламалау тілінің интерфейсімен жұмыс жасауды үйренеді.

  • Lazarus бағдарламасында практикалық жоба жасауды біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

1. Программалау тілі деген не?

2. Программалау тілдерінің қандай түрлері бар?

3.Транслятордың қызметі қандай?

4. Компилятордың көмегімен не үшін жүгінеміз?

5. Интерпретатор қандай қызмет атқарады?

6. Lazarus программалау ортасы қай программалау тілі негізінде жұмыс жасайды?


Негізгі сөздер мен тіркестер: Бағдарламалау тілдері, пиктограммалар, алгоритм, операторлар, Procedure , Button 1, Click, Sender, Object, Caption,Label.1

Диалогтық оқыту бойынша: Жазылым, оқылым Free Pascal, Projeсt1.lpi, (Жаңа жоба)Form1. (Обекть, Нысан),Unit1.pas (атауы)

- «События» (Оқиға), «Избранное» (Таңдамалы), «Ограничения» (Шектеу)

- «Меню-Запуск-Запустить»,«Файл=> Cохранить Все»

- Қызметші сөздер:

Procedure , Button 1,Click, Sender,Object, Caption,Label.1



Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Lazarus программалау ортасының интерфейсі қалай құрылған?



Талқылауға арналған тармақтар:

-Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай жүзеге асады?

-Программалау терезесін басқарудың қандай тиімді жолдарын білесіңдер?



Құндылықтарды баулу

Өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілетті индустрияға жақын, жаңашыл, идеяшыл тұлға қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі

Алдыңғы тақырып


Программалау тілі және программалау жүйелерін біледі, бір-бірінен ажырата алады.

Сабақ жоспары

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



Сыныптың лидері психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында сыныптастарына жақсы көңіл-күймен тілек айтады.

Үй жұмысын тексеру барысында "Биоақпараттану және синергетика" технологиясының элементтерін қолдана қолдана отырып басталады. Сабақтың жоспарлануы 4 бөлімнен тұрады.



I-"Байқау"

1. Программалау тілі деген не?

2. Программалау тілдерінің қандай түрлері бар?

3. Төменгі және жоғары деңгейлі программалау тілдерінің айырмашылығын түсіндіріңдер.

4. Транслятордың қызметі қандай?

5. Компилятордың көмегімен не үшін жүгінеміз?

6. Интерпретатор қандай қызмет атқарады?

7. Lazarus программалау ортасы қай программалау тілі негізінде жұмыс жасайды?

8. Сөйлеу тілінен программалау тілінің қандай айырмашылығы бар?

9. Программалау тілдері қалай жіктеледі?

10. Lazarus программалау ортасының қандай ерекшеліктері бар?


Матрицалық тақта



Сабақтың ортасы







Кроссплатформалық бағдарламалық жабдықтама– бірден көп аппараттық платформада және операциялық жүйеде жұмыс істейтін бағдарламалық жабдықтама.

Lazarus – та ресми түрдегі бағдарламалаудың технологиясы қолданылады. Lazarus бағдарламалау тілі «Borland» компаниясы шығарған нысанды-бағытталған кітапхана, көпке таныс Delphi бағдарламалау тіліне өте ұқсас. Қосымшаны құру үрдісін келесі кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:



  1. Бағдарлама терезесін құру –қажетті элементтердің орналасуы, өлшем тапсырмалары, қасиетін өзгерту.

  2. Қосымшасымен жұмыс істеу кезінде қолжетімді болатын бағдарлама кодын жазу, элемент қасиеттерін сипаттау, терезе пайда болған кездегі қабылдау әрекетін сипаттау, батырмаға басу жіне т.б.

  3. Бағдарламаның отладкасы

Lazarus-ты іске қосу Пуск – Все программы - Lazarus - командасымен жүзеге асырылады.

Lazarus – ты іске қосқанда экранда LazarusIDE v1.0.12 project1 жобасының менеджері өзінің Form1терезесімен пайда болады.

Терезенің басқы терезесі.





1-сурет

Мұнда мәзір, құрал-жабдықтар тақтасы және палитра компоненті орнатылған. Палитра компонентінде ресми және бейресми компоненттері орналасқан, олар көптеген тақырыптық қосымшаларды ұсынады. IDE-нің жұмыс уақытында басқы терезе үнемі ашық күйінде тұрады.




3-сурет. Код редакторының

4-сурет. Пішін

2-сурет. Нысандар инспекторы терезесі жобалаушы

Нысандар инспекторы (2-сурет) 4 бетті қамтиды: «Свойства» бетінде таңдалған компоненттердің қасиеттерінің барлығы көрініп тұрады. «События» бетінде таңдалған компоненттегі оқиғаны өңдеушілер бар.

Код редакторының терезесі. (3-сурет) Алғаш іске қосқанда Unit 1 тақырыбымен ашылады.

Код редакторында жеке-жеке беттерге орналасқан бірнеше файлдар бір мезетте ашылуы мүмкін. Код терезесінде бағдарламаның мәтіндік бөлігін жазады. Бағдарлама мәтінін өңдеу кезінде ыңғайлы болуы үшін тармақтар нөмірленіп, түстермен ерекшеленіп көрсетілед:



  • барлық қызметтік сөздер қою шрифтпен ерекшеленеді;

  • тыныс белгілер қызыл түске боялады;

  • қатесі бар тармақтар қоңыр түспен боялады;

  • түсініктемелер // басталып көк түспен ерекшеленеді;

Пішін жобалаушы (4-сурет)-Lazarus бірінші жұмысқа кіріскеннен автоматты түрде Form 1 атты бос терезені аша отырып, қолданушыға жаңа жоба ұсынады. Оған палитра компоненттерінің элементтерін көшіру арқылы көркемдей аламыз.
II-"Есте сақтау" 30 секунд ішінде сөздерді есте сақтап, дәптерге жазулары керек. Уақыт біткенде тақтадан слайд жабылады. Дәптерлеріне көргендерін жазады.

Полиглот 

Файл-Файл-File

Түзету-Правка-Edit

Іздеу-Поиск- Search

Түр-Вид-View

Жоба-Проект-Project

F9-Запуск-Run

Қызмет-Сервис- Tools

Терезе-Окно-Windows

Анықтама-Справка-Help



Создать модуль (New Unit)

Создать форму (New Form)

Открыть (Open)

Сохранить (Save)

Сохранить как (Save As)

Закрыть (Close)

Отменить (Undo)

Повторить (Redo)

Вырезать (Cut)

Копировать (Copy)

Вставить (Paste)

III-"Компьютермен іс-тәжірибе жасау"

2-тапсырма. Компьютермен жұмыс. Менің алғашқы жобам.
Мақсаты: Бағдарламалау тілін меңгере отырып Lazarus бағдарламасында жоба жасауды, интерфейс құру талаптарын үйренеді.

Менің алғашқы жобам!

Lazarus-та бағдарлама (жоба) жасау екі кезеңнен тұрады: жобаның

сыртқы бейнесін жасау және бағдарламалық кодын Free Pascal бағдар- ламасында жазудан тұрады. Жобаның интерфейсін жасауға пішін терезесі мен бағдарлама жазатын терезе редакторын өзара тығыз байланыста қолданамыз. Пішін терезесіне жаңа компоненттерді енгізсек, автоматты түрде бағдарлама кодының өзгеруіне әкеледі. Енді өзіміздің алғашқы жобамызды дайындауға кірісейік.

Ол төмендегі кезеңдерден тұрады:


  1. Пуск – Программы – Lazarusкомандасынорындап, бағдарламатерезесінашамыз.

Бағдарлама терезесі ашылғанда терезеде жоғарыда айтылғандай

мәзір, компонент платформасы, нысанды қадағалаушы, пішін терезесі

мен бағдарламаредакторыныңтерезесіпайдаболады.


  1. Тінтуірдің көмегімен мәзірдегі «Файл=>Создать форму»

командасын шертсек, Бағдарлама терезесінде «Form1» тақырыбы мен «пішін» терезесі және «бағдарлама редакторы» терезесі пайда

болады. (80-сурет)



  1. «Инспектор объектов=>Свойства=>Caption (тақырып)» командасын таңдап, оған «№1 мысал» деп жазғанымызда «Пішін» тақырыбы өзгереді. (81-сурет)

  2. Пішінтерезесінебатырмақоюүшін, компонент платформасынан «Button1» батырмасынтаңдаймыз. (82-сурет)

5. «Button1» батырмасына «Орында» сөзін жазу үшін, батырманың атын өзгертеміз. «Инспектор объектов=>Свойства=>командасынорындап, 6Caption» қасиетініңмәнін «Орында» сөзінеауыстырамыз. Жобаорындалғандабатырматінтуірменшертугежауап беру үшін «Инспектор объектов» терезесінде«События» =>OnClick=>оқиғасыныңмәнін«Button1 Click» жағдайынақоямыз. (83-сурет)
7. «Орында» батырмасыншерткенде«Меніңалғашқыжобам» сөйлемішығуүшін «Button1» батырмасынтышқанменекіретшертіп, бағдарламаредак- торыныңтерезесінашамыз. Олжердепайдаболған «Подпрограммаға (кішібағдарлама)» төмендегібағдарламакодынжазамыз(84-сурет). Жасалғанжобанысақтапболғаннанкейін, «Запустить (Іскеқосу)» командасыншертеміз. (85-сурет). Жобаіскеқосылғаннанкейінбіздіңалғашқыжобамызпайдаболады. (86-сурет).
procedure T Form 1. Button 1 Click (Sender:

T Object);

begin

Button 1. Caption: =’Меніңбіріншіжобам!’;

end;






Дескрипторлар

  • Lazarus бағдарламасының компонентері арқылы жоба жасауды үйренді.

  • Бағдарлама арқылы жоба құруды біледі.

  • Тапсырманы жылдам құруға бейімделеді.


IV-"Бекіту"

Тест


  1. Lazarus-тің бірінші нұсқасы қай жылы жарыққа шықты?

  1. 1990 жылдары

  2. 1980 жылдары

  3. 1970 жылдары

  4. *2000 жылдан кейін

  1. Программа интерфейсі деген не?

  1. *пайдаланушы мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын қамтамасыз ететін аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы.

  2. мәзір, құралдары мен компоненттер палитрасы, объекттер инспекторы, форм пішіні, программа коды редакторы

  3. бұл терезеде программаны құрайтын компоненттердің қасиеттерін редакциялауға болады.

  1. Lazarus программасының терезесі қандай бөліктерден тұрады?

  1. бұл терезеде программаны құрайтын компоненттердің қасиеттерін редакциялауға болады.

  2. *мәзір, құралдары мен компоненттер палитрасы, объекттер инспекторы, форм пішіні, программа коды редакторы

  3. "Form1" немесе "Жоба пішіні (Форма проекта)"

  1. "Объекттер инспекторы" терезесінің қызметі қандай?

  1. автоматты түрде Unit1.pas деп мәтіні сақталады.

  2. ''Project1.lpi'' файлының жобаның пішінін сақтайды.

  3. *бұл терезеде программаны құрайтын компоненттердің қасиеттерін редакциялауға болады.

  1. Жаңа жобаның пішінін жасау терезесі қалай аталады?

  1. Создать проект

  2. *"Form1" немесе "Жоба пішіні (Форма проекта)"

  3. бұл терезеде программаны құрайтын компоненттердің қасиеттерін редакциялауға болады.

  1. Жасалған жоба қандай кеңеймемен сақталады?

  1. автоматты түрде Unit1.pas деп мәтіні сақталады.

  2. ''Project1.lpi'' файлының жобаның пішінін сақтайды.

  3. *Жоба қандай атаумен сақталса, оның орындаушы файлы да (кеңеймесі. ) сол атаумен сақталады

  1. Жаңа жобаны қалай іске қосамыз?

  1. Файл-New

  2. Cоздать модуль

  1. *Создать проект

  1. Lazarus-та жаңа жоба дайындау неше кезеңнен тұрады?

  1. *7

  2. 4

  3. 10

Оқулық,

маркерлер,

плакаттар,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта,

компьютер



Сабақтың соңы


Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма §5, 24-28 бет оқу



Оқулық, дәптер


Рефлексия


« Сэндвич» әдісі бойынша пікірлеріңді жазып түсіріңдер.

1-бөлік позитивті комментарий, не ұнады.

2-сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек.

3-бөлік- келешекке арналған коментарий, маған ұнады, бірақ келесі жолы...........



Парақша таратылады

«Кері байланыс»

Төмендегі сұрақтарды сабақ соңындағы қол жеткізген нәтижелерін бақылай отырып жүргізіледі.

Тест



оқулық, дәптер

Бағалау критерийі

Дескриптор

Растрлық және векторлық графика артықшыларымен кемшіліктерін біледі, бағалауды түсінеді, әрі қолдана алады.

-бағдарламалау жүйесінің қызметін түсінеді;

-бағдарламалау тілдерінің қызметін түсінеді.

-бағдарламалау тілдері және бағдарламалау жүйелері түсініктерінің сипатын ажырата алады;

-бағдарламалау тілдерін атап шығады;

-бағдарламалау жүйелерін атап шығады.


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауәпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Құндылықтардағы байланыс

1.Шығармашыл, қабілетті сабақ барысында күрделі тапсырма беріледі.

2. Қандай салыстыру критерийлеріне бөленеді?



  • Кескіндерді ұсыну

  • Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі

  • Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі

Кескіндерді басып шығару ерекшеліктері

Сабақ соңында нәтижеге жеткендігін тексеруде сұрақтар қойылады.

1. Программа интерфейсі деген не?

2. Lazarus программасының терезесі қандай бөліктерден тұрады?

3. "Объекттер инспекторы" терезесінің қызметі қандай?

4. Жаңа жобаның пішінін жасау терезесі қалай аталады?

5. Жасалған жоба қандай кеңеймемен сақталады?

6. Жаңа жобаны қалай іске қосамыз?

7. Lazarus-та жаңа жоба дайындау кезеңдерін түсіндіріңдер.

8. Жаңа жоба дайындау алгоритмін сипаттап беріңдер.


Сабақта таныстырылымдар пайдалану, интернеттен алынған мәліметтер.

Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау.



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет