№3,4 практикалық сабақтың тақырыбы: Консольдық режимде сызықтық программа құра білу.
Мақсаты: С# тілінің консольдық режимде қарапайым сызықтық программа құра білу дағдысын қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар: Консольды режімде жұмыс жасау үшін қандай класс қолданылады?
Класс әдісіне қатынаудың жалпы түрі қалай жазылады?
Сандық типті жолдық типке түрлендіру үшін қандай әдіс қолданылады?
Жолдық типтерді сандық типке түрлендірудің екі жолын сипаттап жазыңдар.
Консольды қосымша құру үшін негізгі мәзірден қандай командалар тізбегі орындалады?
Бағдарламаны компиляциялау және орындату үшін мәзір қатарынан қандай команда орындалады?
Сандық деректерді форматтап шығару үшін қандай әдістер қолданылады?
Сандық деректерді форматтап шығару үшін қолданылатын формат спецификаторларын атаңдар.
Қолданушының сандық форматын жасау үшін қандай символдар қолданылады?
Тапсырмалар: Консольды режімде сызықтық бағдарлама құрыңдар. Кубтың қабырғасы берілген. Жағының және толық бетінің ауданын, көлемін табыңдар.
Берілген төрт таңбалы санның цифрларының көбейтіндісін табыңдар.
Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы берілген. Үшбұрыш ауданын, биіктігін, үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарын табыңдар.
Жазықтықта координаталары берілген 2 нүктенің ара қашықтығын табыңдар.
Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А-ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірліктеріне айналдырыңдар.
Шеңбер ұзындығы берілген. Осы шеңбермен шектелген дөңгелек ауданын табыңдар.
Сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2 сақинаның ауданын табыңдар.
Алғашқы мүшесі, айырымы, n мүше саны берілген арифметикалық прогрессияның n мүшелерінің қосындысын табыңдар.
Төбелері берілген үшбұрыштың периметрі мен ауданын табыңдар.
Екі сан берілген. Бұл сандардың кубтарының арифметикалық орташасын және модульдерінің геометриялық орташасын табыңдар.
Өткізу формасы:ауызша сұрақ- жауап, компьютерде жеке жұмыс
Бағалау критерийлері: Деректерді енгізу-шығарудың Read(), ReadLine(), Write(), WriteLine() әдістерін қолдана алады